КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ҚАДАМ

         2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде сот төрелігін жүзеге асыру жүйесінде елеулі өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістердің басты бағыты – кассациялық сатыны қайта құру арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту. Осыған орай, енді азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша шағымдар дербес кассациялық соттарда қаралатын болады. Бұл инстанциялар апелляциялық сатыда қаралған істер бойынша заңдылық пен негізділік тұрғысынан тексеру жүргізетін жоғары құқықтық бақылау органы ретінде қызмет етеді.

         Жаңа тәртіпке сәйкес, кассациялық шағым алдын ала іріктеусіз, тікелей үш судьядан құралған сот алқасына беріледі. Бұл өзгеріс сот процесінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сот процесі тараптардың қатысуымен, негізінен ауызша түрде өтеді, ал шешім қабылдау мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Мұндай тәртіп азаматтардың уақтылы әрі тиімді құқықтық қорғауға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

         Реформаның тағы бір маңызды тұсы – Жоғарғы Соттың рөлінің өзгеруі. Енді бұл орган тек ерекше мәні бар істерді қарайтын, құқық қолдану тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ететін, әділ сот практикасын қалыптастыратын жоғарғы инстанция ретінде қызмет атқарады. Осы арқылы Жоғарғы Соттың негізгі назарын күрделі және маңызды істерге аударып, жалпы сот жүйесінің тиімділігін арттыру көзделуде.

         Кассациялық шағым беру тәртібі де жеңілдетілді. Бұрын мүліктік даулар бойынша талап қою сомасына байланысты белгілі бір шектеулер болса, енді 2027 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін бұл шек 2000 айлық есептік көрсеткішке, ал заңды тұлғалар үшін 30000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар, ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша да кассацияға жүгіну мүмкіндігі кеңейтіледі.

         2024 жылы Президенттің бастамасымен қабылданған бұл реформа ел азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған. Парламент пен Сенаттың қолдауымен қабылданған заңдар негізінде жаңа кассациялық тәртіп сот жүйесінің әділдігін, ашықтығы мен сенімділігін арттыруға қызмет етеді. Сот төрелігіне жүгінетін азаматтар үшін бұл – сот шешімдеріне объективті әрі бейтарап тексеру жүргізудің тиімді тетігі.

         Қорыта келгенде, 2025 жылы іске асатын кассациялық соттар азаматтардың құқықтарын қорғау саласында жаңа кезеңнің бастамасы болмақ. Бұл өзгерістер сот жүйесінің кәсібилігін арттырып, қоғамның сотқа деген сенімін нығайтады. Сот реформасының бұл кезеңі – әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.

Рахат АККАСЫНОВ,

аудандық соттың бас маманы

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...