Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ететін маңызды құқықтық институт. Оның негізгі мақсаты – төменгі тұрған соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолдануын тексеру, заңды күшіне енген сот актілеріндегі құқықтық қателіктерді түзету және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету.

Кассациялық саты істің барлық мән жайын қайтадан қарауға емес, негізінен құқықтың дұрыс қолданылғанын бағалауға бағытталған. Апелляциялық сот дәлелдемелерді қайта зерттеп, істің нақты мән-жайларын бағалай алса, кассациялық сот заңды қолданудың дұрыстығына басымдық береді. Кассациялық іс жүргізу заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және сот тәжірибесінің біркелкілігі қағидаттарына негізделеді.

Көптеген мемлекеттерде кассациялық соттар нақты мән-жайды емес, тек құқық мәселелерін қарайды. Бұл олардың негізгі міндеті – заңды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету екенін көрсетеді. Қазіргі таңда кассациялық өндірісті жетілдіру сот жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының бірі болып отыр.

Қорытындылай келгенде, кассациялық соттың тиімді қызметі азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ заң үстемдігі қағидатын толыққанды іске асыруға ықпал етеді.

Т.Тілеп, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...

Более полувека служения судебной системе

В Алматы по инициативе председателя Алматинского городского суда Армана...

Поворот исполнения решения суда

Поворот исполнения судебного решения – это процессуальный механизм восстановления...