Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі 18 шақырымға шегініп кеткен

Каспий теңізінің деңгейі жыл сайын 70 сантиметрге төмендеп барады. Сарапшылар дабыл қағып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24.kz мәліметінше, бес мемлекетке ортақ теңіздің қазақстандық бөлігінде жағалау сызығы 18 шақырымға шегініп кеткен. Ақтауда бас қосқан табиғат жанашыларлары бұл құбылысты экологиялық апатқа теңеп отыр. Жиынға тәуелсіз сарапшылар, жергілікті уәкілетті органдармен қатар, халықаралық ұйым мүшелері де қатысты.

«Каспийдің жылдам тайыздануына оған құятын 130 өзеннің көбінің тартылып қалуы, әсіресе, Еділдің бойында 12 су электр станциясы салынуы тікелей әсер етті. Мәселе ғаламдық деңгейге көтерілмеуін Каспий маңы елдері бірлесе әрекет ету арқылы ғана тоқтата алады», — дейді форумға қатысушылар.

Кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулер теңіз суының жалпы аумағы 70 мың шаршы шақырымға дейін шегініп кеткенін көрсеткен.

«Каспий Аралдың тағдырын бастан кешуі мүмкін. Келетін судың мөлшері көбейеді екен деп үміттенудің қажеті жоқ. Олай болса, басқа жобаны қарастыру қажет. Сонау солтүстіктегі Обь өзенінің бір бөлігін Торғай қақпасы арқылы Каспий теңізіне әкеліп құю. Екінші нұсқа — Еуразия каналын салу. Бұл канал арқылы Қара теңізбен, дәлірек айтқанда, Азов теңізі мен Каспий теңізінің арасын Қума-Манаш ойпаттары арқылы қосу», — дейді Amanat партиясы жанындағы экологиялық кеңестің төрағасы Орынбасар Тоғжанов.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.