Картоп қымбаттап кетті: заң бұзғандар жазаланады

Қазақстанда кейінгі күндері картоп бағасы күрт өсті. Сауда және интеграция министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заңбұзушылық анықталған. Анықталған барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатыны айтылды.

Қазіргі баға қандай?

«Сауда министрлігінің ірі сауда желілерімен өткізген кездесулерінің нәтижесінде бүгінде Астанадағы картоптың орташа бағасы 280-185 теңгеге дейін төмендеді. Сауда комитетінің мониторингі бойынша бүгінде Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы — 322 теңге. Елдің барлық аймағында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тонна картоптың 23,6 мың тоннасы сатылған. Кейінгі 3 күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында 300 тонна, Шымкентте 600 тонна, Түркістан облысында 300 тонна және т.б.

«Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар», — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін не белгілі?

Қазақстанның түрлі өңірлерінде картоптың бағасы екі есеге дейін өсті. Ақтөбеде қаңтардың басында картоптың бір келісі 200 теңгеден аспаса, кейінгі аптада 388 теңгеге дейін көтерілді. Жетісуда баға 400 теңгеден асып кетті. Ең қымбат картоп Астанада сатылды, келісі — 455 теңге.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.