Картоп ішіне телефон салып әкелген азаматқа сот үкімімен жаза тағайындалды

Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде( тергеу изоляторы) Жедел бөлім және РжКБ- нің қызметкерлері тарапынан сотталғандардың қолданылуына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіргізу жолын анықтау және жабу мақсатында елеулі жұмыстар күшейтілген түрде жүргізілуде.

Атап айтсақ, жедел бөлімнің жедел ақпаратына сәйкес, тергеу қамауындағы ҚР ҚК- 191 бабы 2- бөлігі бойынша айыпталушы 1993 жылғы азаматқа тыйым салынған зат алып келетіні белгілі болған.

Нәтижиесінде сол күні сәлем-сауқат бөлмесіне келген Б есімді азаматтың алып келген тамақ өнімдері ішінен ұялы телефонға қажетті заттар табылды.

Дәлірек айтсақ, асылған картоп ішіне жасырылған 1(бір) дана «Beeline» сим картасы мен және 1 (бір) дана ақ түсті USB шнуры анықталды.

Бұл бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған болатын.

Бүгінгі таңда сот қаулысы бойынша Қызылорда қаласының 1994 жылғы азаматы ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза тағайындалды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...