12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КАРДИОХИРУРГИЯ ШЕБЕРІ

Құрмет орденінің иегері, жоғары санатты дәрігер Нұрлан Минайдаров ашық жүрекке 3000-нан астам ота жасаған. Бұл мекемеде ол 16 жылдан астам еңбектеніп келеді. Жалпы, медициналық еңбек өтілі – 20 жыл. Астана қаласының медициналық академиясында білім алып, жарты жыл Степногорск қаласында жұмыс істеді, одан кейін Литва елінде бір жыл білімін шыңдаған. 2008 жылдан бастап Нұрлан Сәбитұлы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Тәжірибелі дәрігерлердің жетекшілігімен алған жоғары білімін Минайдаров жылдан-жылға жетілдіріп отырады. Шеберлігін шыңдауға деген ұмтылысы таңдаған кәсібіне оң ықпалын тигізуде.

– Жыл сайын біздің бөлімшеде жасалған оталардың саны артып келеді, жабдықтар да жақсаруда. Бөлімше ұжымымен 2023 жылы 300-ден астам ота жасалды. Олардың ішінде 290 ота жасанды қан айналымымен өткізілді. Ағымдағы жылы мен әріптестеріммен бірге 120 ота жасадық. Негізі, жыл сайын жасанды қан айналыммен 300-ден астам операция жасауды жоспарлап отырмыз, болжам бойынша 350 отаға жетеміз. Жыл сайын ота саны артып келеді, – деп хабарлады Нұрлан Сәбитұлы.

Спикердің ақпаратына жүгінсек, кардиохирургия бөлімшесінде 5 дәрігер кардиохирург маман жұмыс істейді, олардың екеуі оқуда, бүгінгі күнде 3 маман еңбектенуде. Оған қоса бөлімшеде бір УЗИ дәрігері бар, жан сақтау бөлімшесінде 5 кардиореаниматолог жұмыс істейді, олардың екеуінде перфузиолог-дәрігердің сертификаты бар. Бір операциялық палата күнделікті үзіліссіз жұмыс істейді. Нұрлан Сәбитұлы мыңдаған науқас адамдардың сауығып, толыққанды өмірге оралуына септігін тигізген білікті маман. Оның кандидатурасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасына қатысуға ұсынылған. Өзінің көп жылдық тәжірибесінде науқастарға жаңа өмір сыйлап, олардың ақ батасын алып отыр. Сауығып кеткені үшін оған ризашылық білдіретін науқастар Қазақстанның әр өңірінде тұрады. Минайдаровты жоғары кәсіби қасиеттері мен қиын жұмысына деген адалдығы үшін сыйлап, құрметтейді.

– Құрметті Нұрлан Сәбитұлы! Сіздің бөлімшеңізде керемет, шыдамды және өз ісін білетін медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Әр науқасқа қалай қарау керектігін біледі. Бізге кәсіби көзқараспен қарап, сәтті ота жасап, мейірімділік танытып, тиесілі көңіл бөліп, жұмысыңызға бейжай қарамағаныңыз үшін сізге мың алғыс! Қиын уақытта қолдап, ауырып тұрғанда жұбатып, жүрегімді тыныштандырғаныңыз үшін рақмет. Бүкіл команда тез, анық, сауатты жұмыс істеді. Мейірімді жүрегіңіз, шынайылығыңыз және жауапкершілігіңіз үшін сізге бас иемін, – деп ризашылығын білдірді отадан сауығып шыққан науқастардың бірі Андрей Смирнов.

Айта кету керек, осыдан 15 жыл бұрын 2009 жылы 9 желтоқсанда Көкшетауда Ақмола дәрігерлерінің ашық жүрекке алғашқы дербес операциясы жүргізілді, оны жасаған біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұрлан Сәбитұлы. Ол жүрек орталығының ашылуынан бастап бүгінгі күнге дейін өңір кардиохирургиясының дамуына өзінің зор үлесін қосуда. Осы жылдар ішінде кардиохирургтар 4 мыңнан астам ота өткізді. Әрине, бөлімшенің осынша науқастың өмірін сақтап қалуға тигізген септігі өте зор. Пациенттер отадан кейін толыққанды өмір сүре алады, тыныс алулары қалыпқа келіп, жалпы денсаулығы мен көңіл-күйі жақсарады. Әрине, жасың келгенде өзіңде жүрек проблемалары бар екенін есту қорқынышты, бірақ осындай білікті мамандар тұрғанда операциядан қорықпаған жөн. Отадан кейін бәрі ұмытылады, бірақ, мамандардың айтуынша, жарты жылда бір рет тексерілген дұрыс. Айта кетейік, Нұрлан Минайдаров 6 баланың әкесі, ол отбасына да, жұмысқа да тиесілі көңіл бөлуге тырысады. Оның пікірінше, денсаулық сақтаудағы хирургия саласының ең күрделісі – ашық жүрекке ота жасау. Бұл салаға мамандар аса жоғары жауапкершілікпен қарау керек.

– Хирургия туралы айтатын болсақ, ең қиыны – кардиохирургия. Бұл туралы менің бетке ұстар білікті ұстаздарым жиі айтатын, мен Литвада профессор Римантас Бенетистен тәлім алдым. Оған қоса, менің ұстазым Сейітхан Джошибаев айтқандай, кардиохирургияны космонавтикамен салыстыруға болады. Мұнда сіз бәрін білуіңіз керек. Теорияны да, операцияны да, отаға дейін және одан кейін науқасты қалай жүргізу керектігін білген жөн. Оған қоса, жаңашылдыққа құмар болып, жаңа білім алуға тырысу керек, себебі медицина бір орында тұрмайды: жаңа технологиялар мен әдістер пайда болып жатыр, соның бәрін кешенді түрде қамтыған жөн, – деп өз ойын тарқатты Нұрлан Минайдаров.

Бақыт МАХАМБЕТҚЫЗЫ

Безопасный отдых: профилактика происшествий на воде в купальный сезон

  В купальный сезон во всех регионах страны продолжаются...

Құқықтық мемлекеттің тірегі — Конституция

Ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттiң тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын...

Разъяснение работы кассационных суда

 С 1 июля т.г. в Астане по поручению Главы...

Кассациялық сот жұмысын түсіндіру

 Биылғы 1 шілдеден бастап Астанада Мемлекет басшысының 2023 жылғы...

Завершились соревнования андроидов

В Пекине завершились первые в истории Всемирные игры андроидов,...