12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Карантин талаптарын сақтау баршамызға міндет

Бүгінде сот құжаттарының айналымы, азаматтардың арыз-шағымдары «Сот кабинеті» сервисі арқылы реттеледі. Сервистің жұмысына сенгендіктен азаматтар арызын енді сот ғимаратына әкеліп әуре болмайды. Үйінде, кеңседе отырып-ақ құжаттарды жіберіп, өтінімдерін жолдай алады. Сонымен бірге сот кабинетінің ыңғайлы екенін, уақыт жағынан ұтымды болғаны, дәлелін табуда.

Сот отырыстарына қашықтан қатысушылар жұмыстың тиімді ұйымдастырылғанына, сапалы атқарылғанына да көңілі толатындарын жеткізіп отыр. Бейнеконференц байланыс арқылы сот отырыстарын жүргізуге, ватсап желісінің көмегімен бір чатта сот отырысын таразылауға қатысқандар жаңа технологияларды барынша пайдаланған сот ұжымына алғыстарын білдіруде.

Бұдан басқа, сот отырыстарының мәжіліс залдарында қаралғаны жақсы. Алайда, сот қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында қажеттілік сот жұмысын да басқаша үйлестіру керектігін алға шығарып отыр. Соттарда істерді қараудың заңмен бекітілген уақыты бар. Оны кейінге қалдыруға болмайды. Сондықтан, онлайн-отырыстар дауды шешудегі негізгі тетік. Мұндай шараға еліміздің азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, індеттің кең таралып кетпеуіне жол бермеу мақсатыда барып отыр.

Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары да төтенше жағдай кезінде істердің уақытылы, сапалы қаралуына бар күшін салды. Тараптарға онлайн отырыстарға қатысудың тәртібі, шарттары тұрақты түсіндіріліп, сот отырысының өз дәрежесінде өтуіне мүмкіндік жасады. Яғни, төтенше жағдаймен карантин сот жұмысының сапасына ешқандай кері әсерін тигізген жоқ.

Тұрғындарға  әр-түрлі алып-қашпа әңгімеге сенбеуге, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.

Тараз қаласының мамандандырылға

әкімшілік сотының маманы

І.Мамед

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...