12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Карантин ережелеріне бағынбай, коронавирусты жеңе алмаймыз…

«Тәртіпке бағынған құл болмайды». Осы бір тәпсірдің күн өткен сайын өзектілігі артты.Тіпті бүгінгі жағдай «тәртіпке бағынған елдің қор болмайтынын» да көрсетіп отыр. Қамсыз елдің қауіпсіздігін сақтау қиын. Әлемді шарлаған коронавирус індеті бұны бүгінде айқындап үлгерді. Әуелде алыс-жақын шетел статистикасына шошына қараған қазақстандықтарды да алып ұру аталмыш ауру үшін аса қиын болмады. Алғашқы кездегі қатаң карантиндік іс-шаралар әлемді алаңдатқан ауруды аздап ауыздықтағандай болған-ды.

Халқымыз індеттен сақтанудың ең қарапайым әдісі маска тағуды әдетіне айналдыра алмай келе жатыр. Тіпті адам көп жиналуға заң жүзінде тыйым салынса да той жасап, ас беріп, топтасып жиналып коронавирустың одан әрі таралуына, шілденің шіліңгір ыстығында өкпелері қабынып қайтыс болғандардың көбеюіне ықпал етіп отыр. Мемлекет басшысы елімізде карантинді тағы екі апта ұзартуға шешім шығарды. Карантинді үнемі ұзартып отыру халықтың әлеуметтік жағдайына, ел экономикасына қосымша жүк екені сөзсіз. Бірақ мемлекет басшысының да шешімі негізсіз деп айта алмаймыз. Күніне вирус жұқтырған мыңдаған адам тіркеліп жатқанда карантинді ашу індеттің одан әрі өршуіне әкеліп соғары анық. Мәселен 29 шілде күні еліміз бойынша 1472 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болып отыр. Оның ішінде 644 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы болған. Яғни карантин алынып клинкалық белгілері жоқ тасымалдаушы ел ішінде маскасыз жүре берсе тағы мыңдаған адамның індет жұқтыруына себепші болады. Еріксіз карантинді созуға мәжбүрміз. Күзге қарай індеттің үшінші толқыны келетіні айтылуда. Дәл осы қалпымызбен маска тағудан бас тартып, тығылып жасайтын той жиынымызды тоқтатпасақ індеттен халқымыздың қырылып қалатын түрі бар. Дәрінің, медициналық көмектің жеткілікті болуына мемлекет жауапты болғанымен, маска тағу тақпау, вирустан өзіңізді қорғау өз жауапкершілігіңіздегі дүние екенін ұмыптауымыз керек.

Айта кетер жайт, басқа елдер коронавируспен бірге өмір сүруге біршама бейімделді. Маскасын тастамай, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, қолын жиі жуып індеттің алдын алып, қалыпты тіршіліктеріне оралуда. Осы орайда қазір Америкада жүрген журналист Нұраддин: «Америкада карантин ережелері қатаң сақталады» дейді.

Нұраддин Садық, журналист:

—        Маған осында келгелі ең көп қойылатын сұрақ – «Америкада ковидтің жағдайы қалай? Ауру қаншалықты деңгейде?» болып келеді. Басқа штаттарды қайдам, өзім жүрген Калифорния штатының, Лос-Анджелес қаласында өзім көрген жайларға тоқталайын. Біріншіден, жергілікті халық карантин талаптарын сақтау керектігін толыққанды түсінген. Тұрғындардың барлығы дерлік қоғамдық орындарда, көшеде, тіпті көліктерінде маскамен жүреді. Адам топталған жерде саналы түрде арақашықтық сақтап тұрады. Мұның бәрі арнайы заңмен шегеленген. Негізінен жергілікті тұрғындар оқшаулануға кеткен, мүмкін болғанша сыртқа шықпауға, адамдар көп жерге бармауға тырысады. Қажетті заттары мен тамақтарын онлайн тапсырыспен алдыртады. Айналасындағы агломерациясымен 18 млн халық тұратын қала — 2 млн шамасында халық тұратын Алматыға қарағанда «пустой» көрінеді. Кептеліс жоқтың қасы. Сауда ойын-сауық орталықтары ашық болғанымен қаңырап бос тұр. Ең бастысы — халқы «мұның бәрі жұртты қыру үшін, чип орнату үшін» деген сияқты айдаладағы біздің елдер сияқты конспирологиялық ойдан ада. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, эпидимиологиялық жағдайларды ескере отырып, адам саны аздығына қарамастан, Қазақстан әлдеқайда қауіпті ме деген ой келеді екен.

Рас, біздің елімізде де карантин басталғалы халықтың жауапкершілігін көтеру мақсатында айыппұлдар бірнеше рет ұлғайтылды. Мәселен карантинді бұзғаны үшін айыппұлдар: жеке тұлғалар үшін 30 АЕК-тен, яғни 83 340 теңге, заңды тұлғалар үшін 230 АЕК-тен 638 940 теңге тұрады. Бұл тиісті нормативтік-құқықтық акті шілде айының басында қабылданды. Бірақ халықты еселенген айыппұл да қорқыта алмайтын сияқты. Кеше ғана қоғамдық көлікте маска тағудан бас тартқан бойжеткен, қарсыласқаны аздай қоғамдық көлік бақылаушысының ұялы телефонын сындырған.  Нәтижесінде екі әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы («халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзуы») бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («ұсақ бұзақылық») бойынша шешім қабылдау үшін іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Карантин ережелерін бұзу тек жеке адамдарға ғана қатысты емес. Бір ай бұрын карантиннен соң кезең кезеңімен іске қосылған тамақтану орындары, демалыс нысандары, шаштараз, сұлулық салондары, мейрамханалар да карантин ережелерін бұзғандықтан айыппұл салынып, бірінен соң бірі жабылып қалған болатын. Яғни мемлекетіміз де жаппай бәрін жауып тастап, халықты үйге қуып тығуға мүдделі емес, тек карантиндік ережелерге бағынып, алдағы уақытта коронавирустың екпесі табылғанша індетпен бірге өмір сүруге бейімделіп, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын назарға алса болғаны…

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.