Карантин бөлімшесіндегі сотталғандардың психологиялық бейімделуі

Қылмыс жасаған әйелдер РММ «ЕС-164/6 мекемесі»-не келгенде,бейімделу мерзімін каратин бөлімшесінде өткізеді. Аталған әйелдер көбінесе созылмалы торығу,фобия,өкпе, ренжіш күйін кешеді.Жаза мерзімін өтеп жүрген әйелдер ,аталмыш уақыт ішінде психологиялық тұрғыда тұрақсыз дықта болады,олар алдағы тұрған проблемаларға, моральдық жағынан басылымды болып, үмітсіздік пен кінәшілдік сезімдер пайда болады.

Осыған орай әйел психикасы өте сезімтал, жаралы болып келгендіктен алда тұрған мәселелер қорқыныш сезімен туғызады.Әйелдерге карантин бөлімшесінде болған сәттерінде,өздерін қалай ұстауға ,қалай осы эмоцональды жағдайдан шығу , абақты әлемінде бейімделуге көмектеседі.

Осы аталған психологиялық проблемаларды шешу үшін уақыт, төзімділік керек. Психологиялық қызметтін мақсаты танысу әнгімесін өткізгеннен кейін әртүрлі әдіс тәсілдермен психологиялық ерекшеліктерін анықтап жеке тұлғамен жұмыс жасау программасын құрып,әр сотталғанға жекелей бейімделуіне көмек береді.

Сотталған әйелмен танысқан соң, психологиялық қызметі жеке тұлғаны аңықтап, өмірлік проблемаларды зерттеу, нәтижелері бойынша керекті әдістермен әрекеттер кешендерін пайдалана отырып, бейімделуге жеке бағдарлама құрайды. Әйелдерге өз тәртібін бақылай алуға ,эмоциялық қысымдылықты әлсіздету, ашу мен жекекөргіш сезімдерінен аулақ болуға,кеңес беріледі және де сотталған әйелдерге болашаққа бостандық өміріне деген арман үміттерін жандандырып, дәріс сабақтарын өткізу арқылы жеткізеді.

Психолог Сексембаева Г.С

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...