12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КАЛАЧИ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ ҚАЛАЙ?

Ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша қолдау шаралары әртүрлі құралдарды қамтиды. Оның ішінде инфрақұрылымға қолжетімділік теңсіздігін жою жөніндегі шаралар, ауыл тұрғындарының білімін қолдау және дағдыларын дамыту жөніндегі шаралар, ауыл бизнесін қолдау жөніндегі шаралар, халықтың ұтқырлығын арттыру жөніндегі шаралар және тағы басқалар бар.

Экономикалық зерттеу институтының (ERI) Өмір сапасы орталығының директоры Нұрболат Құрметұлының пайымдауынша, ауылдағы табысы төмен және тұрмыс сапасы төмен адамдарға қарсы күрестің бір құралы халықтың ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыру болып табылады. Егер Қазақстанда өңірлер арасында да, өңірлер ішінде де ерікті қоныс аударуды қолдау жөніндегі нүктелік шаралар іске асырылып жатса, онда жаппай қоныс аударудың мысалдары аз. Өйткені, ауыл тұрғындарын бір уақытта көшіру өте қымбат және ұзақ процесс. Экономикалық зерттеулер институтының сарапшыларының назарына ілігіп, Қазақстан тарихындағы халықты жаппай көшіру бойынша ең жарқын кейстеріне Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан – үш-үштен, Ақмола, Ұлытау, Маңғыстау облыстарынан – бір-бір елді мекен еніп отыр.

Мәселен, Ақмола облысының Есіл ауданындағы Калачи ауылы солардың бірі. Ондағы тұрғындардың өзге жерге қоныс аударуының басты себебі – экология болды. Мұнда 2013 жылдың наурызынан бастап ауыл тұрғындары ұйқышылдық, есте сақтау қабілетінің жоғалуы және галлюцинация туралы шағымдармен дәрігерлерге жүгіне бастаған болатын. Олар дың саны әртүрлі есептеулер бойынша 40-60 адамға дейін жетіп, көбі бір емес бірнеше рет орта есеппен 6-7 күн бойы ұзақ ұйқыға батқан. Сондай-ақ, мұндай жағдайды тек ауыл тұрғындары ғана емес, онда түрлі себеппен келген өзге адамдар да бастан өткізген. Сол себепті құзырлы органдар Калачи ауылы тұрғындарының жылжымайтын мүлік жағдайын зерттегеннен кейін, ең алдымен, балалары бар отбасыларды Ақмола облысының 12 ауданына көшіру туралы шешім қабылдады. Бұрын Новомлинский деп аталған Калачи 1 кент, 2 ауылдан тұратын Красногор кенттік әкімдіне қарайды. Калачи тұрғындарының саны 2009 жылы 647 болса, 2021 жылы 276-ға дейін азайып, 42,7 пайызға кеміді. Калачиден қоныс аударушыларға облыстың өзге өңірлерінен тұрғын үй тегін берілді. Сонымен қатар, толыққанды өмір сүру үшін отбасының барлық жұмыс істейтін мүшелерін жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ балаларының мектеп пен балабақшамен қамтылуына көмек көрсетілді. Мұндағы халықтың қоныс аударуына арналған шығындар 2,5 млрд теңгені құрады. Оны қаржыландыру көзі республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асады.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Алматы облысында медициналық мекеменің жаңа ғимараты қолданысқа берілді

Бүгін Іле ауданы Байкент ауылында орналасқан отбасылық денсаулық орталығының...

В Алматинской области сдано в эксплуатацию новое здание медицинского учреждения

Сегодня сдано в эксплуатацию новое здание Центра семейного здоровья,...

ЖОБА – КЕЛЕШЕКТІҢ СТИМУЛЫ

        Адамзат өне бойы ұзақ өмір сүру құпияларын зерттеумен шұғылданып...

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...