Кадр қызметкерлері жұмысқа тарту бойынша студенттермен кездесті

ЗК-169/1 тергеу изоляторынң кадр бөлімінің қызметкерлері қатардағы және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.

Олар Қызылордадағы Ұлағат колледжінің соңғы курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында кадр саясат бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д.Шахи мен кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов қылмыстық-атқару жүйесіне түсу тәртібін, қызмет өткеру жағдайларын және кандидаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді.

Кездесу диалог түрінде өткендіктен, кадр саясаты бөлімшелерінің қызметкерлері студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, соңында ҚАЖ органдарына қызметке тұру үшін өтініш жасай алатын байланыс деректерін қалдырды.

Студенттер қылмыстық атқару жүйесі жұмысының барысымен жақыннан таныстырғандары үшін погондағы қызметкерлерге алғыстарын білдірді. Осындай іс-шаралар олардың құқық қорғау органдарына деген оң көзқарасын қалыптастырып, мамандық таңдауға көмегін тигізетінін айтты.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...