12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәсіпкер Курганский ісі: куәгерлерден жауап алынуда


Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкер Алексей Курганскийге қатысты сот процесі жалғасты.
Процесте Алексей Курганскиймен бірге жұмыс істеген Нұғманов Эльдар, Фархат және де компаниялар мен айыпталушы байланыстырған Мұқанбаева Нұргүл куәлік етті.
Еске сала кетейік, кәсіпкер Алексей Курганскийге тағылған айып «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «Аса ірі көлемде жасалған лауазымды тұлғаға жеке пара беруге итермелеу». Айыптаушы тарап оның екі компания басшылығынан арадағы адамдар арқылы өз қызметі үшін 65 миллион теңге алғанын алға тартады. Дегенмен, айыпталушының жақындары мұнымен мүлде келіспейді. Олар істің бәрі әдейі бұрлмаланып отыр дейді.
Кезекті сот отырысында алғашқы куәлік сөзді Нұргүл Мұқанбаеваға берді. Оның сөзінше, Алексей Курганский өзін Қаржы министрігіне қатысы бар адам ретінде таныстырған. Мұқанбаева Нұргүлдің де консалтингтік компаниясы болғандықтан олар біраз жылдан бері бірге жұмыс істеп бастаған. Ал, дәл осы істе Мұқанбаева тек депозитариямен ғана айналысып, клиенттің өзге сұранысына біліктілігі жетпеген соң, Алексей Курганскийден кеңес сұрап, қызметіне жүгінген. Куәгердің сөзінше, Алексей Курганский істі тиісті тұлғаларға ақша беру арқылы шешетін болған.
Екінші куәгер Эльдар Нұғманов Алексей Курганскийдің министрлікке ешқандай қатысы жоқ екенін жеткізді. Ол компаниялардан 65 миллион теңгені қызмет көрсету үшін алынғанын нақтылады. Оның сөзінше қызмет көрсету сөзінің астарында компанияларды біріктіру процесі жатыр. Ақша осы мақсатта сұралған. Куәлік етуші Алексей Курганскийден өз жұмысы үшін айлық алып отырған. Бірақ олар жұмысты аяқтай алмағандықтан, ақшаны берген компания өкілдері өз қаражатын қайтаруын талап еткен. Куәгердің айтуынша, ақшаны сұрай келген адамдар оларға қоқан-лоққы көрсетіпті.
Эльдар Нұғмановтың ізін жалғай екінші куәгер Фархат түсінік берді. Ол Алексей Курганскийдің компаниясында менеджер болып жұмыс істеген. Ол да ақшаны компанияларды біріктіру процесі үшін алынғанын растады. Нақтырақ, біріктіру процесі үшін қызметтік сәйкес компанияларды іздеу, анализ жасау, бугхалтерлік жұмыстар және т.б. Куәлік етушінің сөзінше, бірнеше компанияны Нұргүл Мұқанбаева да ұсынған. Бірақ сол жылы (2021) заңға Қаржы министрлігі өзгерістер енгізгеннен кейін, іс тоқтап, тапсырыс беруші компания өкілдері қаражатты қайтаруын сұрапты. Куәгер іспен 6 ай айналысқанын және қарыздың бір бөлігін Нұргүл Мұқанбаева қайтару керек екенін алға тартты.
Еске сала кетейік, 23 шілде болған сот отырысында куәлік еткен тапсырыс беруші компаниялардың басшылары тек, дипозитария және салықтық түсімдердің есебін дұрыстау үшін Мұқанбаева Нұргүлге жүгінгенін айтқан еді. Ал ол сол кезде оларды Алексей Курганскиймен таныстырған.
Сот куәгерлердің сөзін тыңдап, айыптаушы мен қорғаушы тараптарға дәлелдерді қарауға шақырды. Қорғаушы тарап Алексей Курганскийдің өз қызметін заң жүзінде орындағанын мәтіндік хаттар және осыған дейін атқарылған жұмыстар есебі арқылы дәйектеді. Айыптаушы тарап болса Мұқанбаева Нұргүл мен Алексей Курганскийдің сөйлесу жазбасын алдыға тартты.
Сот төрайымы айыпталушыдан жауап алғысы келіп еді, ол кейінге қалдыруды сұрады. Себебін адвокатымен кеңесіп алу керектігімен түсіндірді. Судья дәйектерді қарау осы процесте тоқтатылғанын жариялап, айыпталушының сұранысын қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 25 шілдеге белгіленді. Онда енді тек Алексей Курганскийдің анасынан куәлік алынып, айыпталушының жауабы тыңдалатын болады.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....