Кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдерге арналған сауалнама ұйымдастырылды

 Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде 13-маусымда ҚАЖ мекемелерінде азаптауға қарсы іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдердің  азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу, құқықтарының сақаталуын анықтау бойынша сауалнама өтті.

Іс-шараға ҚР-ның Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Алматы қаласы бойынша өкілі Малдыбаев Қазбек Малдыбаевич және Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-нің өзіндік қауіпсіздік бөлімінің қызметкері қатысты.

Сауалнама барысында, адам құқытарының уәкілі К.М. Малдыбаев кәмелетке толмағандармен жұмыс жасаудың озық тәжірбиелері, балалар мен жасөспірмдерді құқықтық қорғауды жақсарту жөнінде ой бөлісті.

Тәрбие бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна кәмелетке толмаған сотталғандардың құқығының сақталуына аса назар бөлінетіне тоқталып, балалардың ұстау жағдайын жақсарту, орта білім беру, кәсіпке баулу, мәдени спортық іс-шаралар ұйымдастыру және т.б. жасаланып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, №11 мекеме Республикада жалғыз балалар колониясы болғандықтан Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі,  Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары, Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері, басқа да азаматтық қоғам өкілдері келіп жасөспірімдердің жағдайларымен танысып, олардың құқықтарының қамтамасыз етілуін қадағалап отырады.

                                                                                                           №11 мекемесі   

Еркегүл Жеңісхан

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...