Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілі жазаға тартылды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Анық болғандай, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылында азаматша Ж.-ның жасы кәмелетке толмаған ұлы А. жасы кәмелетке толмаған О.-ны өзінің ауылдасымен бірге ұрып-соғып, жеңіл дәрежелі дене жарақатын салған. Өз кезегінде А.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша Ж.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотта Ж.-ның ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағандарының салдарынан оның жасы кәмелетке толмаған баласы әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады.

              Сот қаулысымен азаматша Ж. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, алайда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасы 30%-ға төмендетіліп, ол 48 300 (қырық сегіз мың үш жүз) теңгені құрады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотының баспасөз қызметі

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...