12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі

Қылмыстық кодекстің талаптарына сай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жасы кәмелетке толмаған тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Ал қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған жасы кәмелетке толмаған адам қылмыстық кодексте көрсетілген ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін ғана жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 14-жасқа толмаған балалар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Егер кәмелетке толмаған бала психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта өзiнiң әрекеттерiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемде ұғына алмаса не оларға ие бола алмаса, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Кәмелетке толмаған күдiктiнің, сотталушының құпиялыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуға тиiс. Сондықтан кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істер барлық жағдайда жабық сот отырысында қаралып, іске қатысы жоқ тұлғалардың сот отырысына қатысуын шектейді.

Ересектермен бiрге қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқан кәмелетке толмаған адамға қатысты iс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жеке iс жүргiзуге бөлiп шығарылады және кәмелетке толмағандарға қатысты қозғалған қылмыстық істер жастары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарда қаралады.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында және сот отырысында кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу қорғаушының, заңды өкiлінің, ал қажет болған кезде психологтің және педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және ол үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда күнiне төрт сағаттан артыққа созылуға болмайды. Кәмелетке толмаған адам анық шаршаған жағдайда, жауап алу осы уақыт аяқталмастан бұрын тоқтатылуға тиiс. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша  қорғаушының қатысуы мiндеттi болып табылады.

Он алты жасқа толмаған, психикалық дамуында артта қалу белгiлерi бар кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қатысуымен процестік әрекеттер жүргізілген кезде педагогтің немесе психологтің қатысуы да мiндеттi болып саналады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша күдiктiнің, айыпталушының өз әрекеттерiне есеп беру және іс бойынша анықталған жағдайларда өз әрекеттерiн игеру қабiлетiн, оның есінің дұрыстығын, онда есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы бар немесе жоқ екенін айқындау үшін міндетті түрде психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізіледі.

      Кәмелетке толмаған күдіктіні өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастырылады немесе патронатқа беріледі.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде, сот оның өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен адамдардың ықпалын ескеру қажет.

      Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

      Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды да сот жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

     Кәмелетке толмаған адамға тағайындалатын тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шараларына мыналар жатады: ескерту, ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру, келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу, бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру, жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу, пробациялық бақылау белгілеу.

      Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар бiрнеше мәжбүрлеу шарасы бiр мезгiлде тағайындалуы мүмкiн.

Сот кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау туралы мәселені шешу кезінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдану не кәмелетке толмаған адамға мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға байланысты оны қылмыстық жазадан босату мүмкіндігін талқылауға және оны үкімде уәждеуге тиіс. Бұл ретте сот кәмелетке толмаған адамға жекелеген жаза түрлерін қолдану сотталушының құқық бұзушылық жасау кезіндегі кәмелетке толмауымен айқындалатынын назарда ұстай отырып, оларды тағайындаудың қылмыстық заңда белгіленген шектерін ескеруге тиіс.

      Шартты түрде соттау, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза шарасын тағайындау, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру не мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттiк органға хабарлайды және оған сотталушының мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруды жүктейдi.

      Егер қылмыстық теріс қылық туралы немесе онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс туралы iс бойынша осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кәмелетке толмаған адам қылмыстық жаза шарасы қолданылмастан түзелуi мүмкiн деп танылса, сот айыптау үкiмiн шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

Сот кәмелетке толмаған адамға оның түзелуі және қайта тәрбиеленуі қоғамнан шеттетусіз мүмкін болмаған жағдайда ғана бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешім қабылдайды. Ал басқа жағдайлардың барлығында кәмелетке толмаған адамға жас ерекшелігін ескеріп, жеңіл жаза түрлері тағайындалады. Соттар жастары кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық істерді қарау барысында Қылмыстық кодекстің және қылмыстық процестік кодекстің талаптарын қатаң сақтауға міндетті болып табылады.

Жамбыл облысы кәмелетке 

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы                       Гүлмира Асқарқызы Әлімқұлова

Заң факультеті түлектерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті — еліміздің...

Бейбітшілік пен сот әділдігі-жарқын болашақ кепілі

     БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты-«Бейбітшілік, әділдік...

По городам и районам

В ходе рабочей поездки глава области Абай Берик Уали...

Некомфортная ситуация

Как только область Абай возглавил Берик Уали, то откровенно...

НА ОСОБОМ КОНТРОЛЕ

Под председательством главы Кызылординской области Нурлыбека Налибаева состоялось заседание...