Кәсіптік бағдар беру жұмысы

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕС-164/1, 3 кадр бөлімшесінің қызметкерлері қатардағы және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.

18 ақпанда «Электр жабдығы», «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша оқитын Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу диалог түрінде өтті, оның барысында мекемелердің кадр саясаты бөлімшелерінің қызметкерлері студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді, қылмыстық-атқару жүйесіне түсу тәртібін, қызмет өткеру жағдайларын және кандидаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді. Сондай-ақ оларға кейіннен қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке тұру үшін өтініш жасай алатын байланыс деректері хабарланды.

СҚО бойынша ҚАЖД

әділет майоры Евгения Клепикова

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...