Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сотталғандарды оқыту

Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп есепте тұрған сотталғандар үшін кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында есепте тұрғандарға құрылыс мамандықтарына кәсіби оқудан өту ұсынылды.

Кәсіптік оқыту халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Оқу ұзақтығы 6 айдан аспайды және 21 787 теңге мөлшерінде стипендия төленеді. Курстарды аяқтағаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификат беріледі және жұмысқа орналасу бойынша жәрдем көрсетіледі.

Кездесу соңында жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері сотталғандардың кәсіптік оқытуға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Петропавл қ. ПҚБ инспекторы
әділет майоры
Ахмадиев Е.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...