Кәсіп ашуға көмектесемін деп, 5 тұрғынды алдаған ер адам ұсталды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірді. Әйел өз арызында, танысы «кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін» деп сендіргенін жеткізді.

Сонымен қатар аталмыш алаяқ, жәбірленушіге Шымкент қаласынан жер телімін алуға көмектесемін деп те уәде берген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған 2 миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған сезікті ұшты-күйлі жоқ болған, хабарласқанымен түрлі сылтаулар айтып, тіпті 1 жылға жуық уақыт өткізген. Алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдіктіні ұстау мақсатында келестік қырағы полицейлер іске кірісті. Жәбірленуші тараптан сұрастырды. Жан-жақты ақпарат жинақтады. Соның нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ оның тағы бірнеше тұрғынды алдағаны белгілі болды. Анықталғандай, күдікті таныстарына мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп, жалған уәде берген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жұмыссыз күдікті жалпы 5 тұрғынды алдап, 6 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...