Көршісінің автокөлігінен 8 дөңгелекті ұрлаған күдікті анықталды

Сауран аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне Ынтымақ ауылының тұрғыны белгісіз адамдар оның ауласында тұрған автокөліктен 8 дөңгелекті ұрлап кеткені туралы арызданды. Шығын көлемі шамамен 150 мың теңге. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық»бойынша тіркелді.
Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлері қажетті іс-шараларды атқарды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Сауран АПБ полицейлері автокөлік дөңгелектерін ұрлады деген күдікпен жәбірленушінің көршісін, яғни жас жігітті ұстады. Заттай дәлел ретінде ұрланған дөңгелектер алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Жәбірленуші, яғни Ынтымақ ауылының тұрғыны ұрлық қылмысының жедел ашылып, дөңгелектерін қайтарып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдікті жас жігіттің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...