Көршісін пышақпен қорқытып, ұялы телефон мен ақшасын жымқырған ер адам ұсталды

Шардара полициясына жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда жәбірленуші көше бойында жаяу келе жатқан кезінде белгісіз біреу тоқтатып, пышақпен қорқыту арқылы қалтасындағы ұялы телефоны мен 60 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі 260 000 теңге.

Аталған деректі полицейлер ҚР ҚК 192-бабы, яғни «Қарақшылық» бойынша тіркеді. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат тұрғын үйінен ұсталды. Ол бұрын сотты болған, жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде жымқырған ұялы телефон мен ақшаны алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті ер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...