Кәрілікке қуаныш!

Солтүк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылында кәрі адамдарға, жалғыз басты аналарға және көп балалы отбасыларға көмек көрсетті. Осындай қиын уақытта көмекке мұқтаж адамдарға қолын созу- бұл әрбір азаматтың парызы.

ҚАЖД Ақжар ауданы бойынша Пробация бөлімінің қызметкерлері мен бірлесе Ақжар ауданының жастар ресурстық орталығы, ПҚБ есепте тұрған сотталғанмен қоса, жалғысбасты қарт адамға аула алдын жинауға, қоршауларды жөндеуге, шамалы отын дайындадық.

«Мен зейнеткермін, ауланы жинау, қоршауды жөндеу, бақшаны жинау деген жұмыстарды жас кездегідей жасай алмаймын. Міне жас еріктілер келіп маған түгел жұмыстарды шешіп берді. Оларға мың алғыс айтамын. Бізде осындай қайырымды және әдемі жас ұрпақ өсіп келе жатқанына мен өте қуаныштымын»-, деп ақсақал айта кетті.

СҚО бойынша Ақжар аудандық ПҚБ бастығы
Әділет майоры Е.Г. Хасенов

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...