ҰҚК мен ІІМ арнайы операция жүргізді: ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, зертхана ІІМ мен ҰҚК бірлескен арнайы операциясы барысында анықталып, жойылған.

Ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті 7 қаңтарда ұсталған. Есірткі зертханасын тінту барысында 30 келі «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді.

«Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажет жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...

Семейное счастье начинается с нас

С личным составом учреждения №21 Департамента УИС по области...

Астанада WADA Құрылтайшылар кеңесінің отырысы өтті

Астанада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Құрылтайшылар кеңесінің отырысы...

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысы өтті. Комитет...