ҰҚК мен ІІМ арнайы операция жүргізді: ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, зертхана ІІМ мен ҰҚК бірлескен арнайы операциясы барысында анықталып, жойылған.

Ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті 7 қаңтарда ұсталған. Есірткі зертханасын тінту барысында 30 келі «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді.

«Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажет жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...