spot_img
spot_img

Кәмелетке толмағандарға қарсы және олардың қатысуымен орын алған қылмыстар

Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек  қараған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке  баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған  орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре  түзеліп кетер деп  қылмыстық әрекеттер істеген баласының  әрекетіне  немқұрайлы  қарайтын  ата-ана ма? Болашақ өмірі мен тағдырын  бейтарап  қалдырмайтын  кез-келген  адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.

Қылмысқа барған жасөспірімдерге топ құру, топ болып әрекет ету тән. Осындай жасөспірімдер ересек кiсiлермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек баратындығы практикалық тұрғыдан дәлелденген. Бұдан олардың өз-өзіне сенбеуі ғана емес, сонымен қатар олардың достық жөніндегі түсініктері теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады. Көптеген қылмыстық істердің кәмелетке толмағандар арасында бір немесе бірнеше рет қайта қылмысқа баруы орын алып жатады.

Мысал келтірер болсақ, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған айыпталушы А. соттың 16  ақпан 2022  жылғы  үкімімен ҚК-нің 293-бабының  3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл  мерзімге бас бостандығынан  айыру түріндегі жаза тағайындалған, ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Содан соң, небәрі 4 күн өткеннен кейін, қылмыстық құқық бұзушылық қайталанды. Қайталанған қылмысында сотталушы А. балалардың төбелесіне өзімен бірге жасырын түрде пышақ алып барып, төбелес орнында жәбірленуші Р.-дың арқа тұсынан бір мәрте соққы жасап, дене жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалаған.Сотталушы А. өзінің жасаған қылмысын мойындап, ол үшін өкінетіндігін айтты. Сонымен қатар, сотталушы А.-ның жасаған қылмысын жәбірленушімен қоса куәгерлерде оқиға орнында болып, бәрін өз көзімен көргендерін айтты. Кәмелетке толмаған сотталушы А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының  3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл  мерзімге бас бостандығынан  айыру түріндегі жаза тағайындалды. Және бұған дейінгі соттың 16  ақпан 2022  жылғы шығарған үкімімен  кәмелетке толмаған  сотталушы А.-ны шартты  түрде  соттаудың  күші  жойылды. Үкім заңды күшіне енбеген.

Өскелең ұрпақ ел болашағы десек, оның тәрбиесі мен тәртібі басты назарда болуы шарт. Теріс әдетке бет бұрып, жат ортаға түскен бозбаланың болашағы жарқын болмайды. Сот отырысында кәмелетке толмағандарға жаза қолданып, үкім шығарар алдында алдымен, қателігінен сабақ алуын, өкініш танытқан жасөспірімдерді түзету барысын назарға аламыз.

Қылмыстың өтеуі жаза екені белгілі. Ал, осы істен сабақ алып, болашаққа дұрыс бағдар қою ерлік. Сондай-ақ, мемлекетте әділеттік орнап, кез-келген адамның жәбір көрмеуін, қиянат жасамауын қылмыстық органдар басты назарда ұстай бермек.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Қ.Бержанов.

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...