Кәмелет жасқа толмаған азаматқа әлеуметтік-көмек көрсетілді

Сотқа дейiнгi пробация кәмелеттiк жасқа толмағандар, зейнет жасындағы әйелдер, жүктi әйелдер, мүгедектер, зейнет жасындағы ер адамдар, үш жасқа дейiнгi баласын жалғыз асырап отырған ер адамдарға қатысты қолданылады.

Жуырда Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан қалалық пробация қызметіне кәмелет жасқа толмаған екі азаматқа олардың мiнез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету туралы өтініш түскен.

Аталған кәмелет жасқа толмаған азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті деп танылған.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Н.Есенжолова кәмелет жасқа толмаған екі азаматқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына сәйкес әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын толтырды.

Одан соң оларды заңды өкілдерімен бірге қалалық Жастар ресустық орталығына алып барып, психологтың қабылдауында болды. Пробация инспекторы Нүргүл Есенжолова екі жасөспірімге әлеуметтік-құқықтық көрсетуімен қатар, оларды орталық жанынан ашылған спорт секциясына қатысуына ықпал жасады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...