12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін көтеру өзінің оң нәтижесін берді

Өткен жылдың басында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енген болатын. Заман сұранысына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы осы уақыт ішінде өзінің қоғам үшін тиімді құжат болғанын көрсетті. Соның дәлелі көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін көтеру мақсатында заңнан көрініс тапқан нормалар, статистикаға оң әсер еткенін байқап отырмыз.

Мәселен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сай көлік жүргізушілеріне айыппұл мөлшері ұлғайтылды және көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді. Сондай-ақ заң аясында өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның құқықтық жағдайы нақтыланды. Яғни көлік жүргізушісі көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соқса. Ал, 2020 жылдың басынан бастап мұндай жаза «он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келетін болып өзгертілді.

Сонымен қатар, көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – он бесайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болса ол, былтырдан бастап «жиырма»есептік көрсеткіш мөлшері болып көбейтілген болатын. Мұның барлығы сол уақыттағы статистикаға көз жібере отырып, көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін көтеру мақсатында енгізілген өзгерістер болатын. Нәтижесінде көлік басқарушылар мұндай құқық бұзушылықтарға сирек ұрынатын болғанын байқаймыз.

Сондай ақ көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейтін болса, ол кейінгі өзгеріске түскен құжатта  «елу»есептік көрсеткіш мөлшері болып көбейтілген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сай көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма айлықесептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейтін болса, ол кейін өзгерту нәтижесінде  «жетпіс»есептік көрсеткіш мөлшері болып көбейтілген. Атап өтер жайт, қоғамдағы тәртіпті нығайтып, сот жүйесін жаңа сатыға көтерген, сот жүйесі қызметінің жүктемесін азайтып, қаулылардың сапалылығына баса назар аудартқан құжаттан күтерміз мол!  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қоғам сұранысына сай жаңарып, толықтырылып отыруы қоғамымыздағы адам құқығының жоғары деңгейде сақталуының кепілі екенін атап өткім келеді.

Жамалбеков Р.Б., Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы 

 

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...