12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра, қайта көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Полиция қызметкерлері — тұрғындардың қауіпсіздігін сақтап, қоғамның тыныштығын күзетуде жүйелі жұмыстар жүргізеді. Осы тұрғыда Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің аумағында рейд өткізді. Шара кезінде полицейлер, жүрісі күмәнді «Opel Vektra» маркалы автокөліктің жүргізушісін көріп, тоқтауды бұйырды. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қаша жөнелді. Десек те тәртіп сақшылары соңынан қуып тоқтатты.

Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Нәтижесінде оның алкогольді масаң күйде екендігі дәлелденді. Сонымен қатар ер адамның бұған дейін Шардара аудандық сотының үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алып, сотқа жолдады. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау және мас күйде рульге отырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ жолдардағы жылдамдықтан асып кетпеу, маневр жасау ережелерін бұзу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқа да құқық бұзушылықтар жасамау керек. Жүргізушілер, есіңізде болсын, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі де жол қозғалысы ережелерін сақтауға байланысты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль- бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын...

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz)  ресми...

Какие инфекции представляют наибольшую опасность в больнице?

Больничная среда - это место, где пациенты получают помощь,...

Ауруханада қандай инфекциялар үлкен қауіп төндіреді?

Аурухана ортасы - бұл науқастарға медициналық көмек, ем және...

Сот көші-қон ережелерін бұзған шетел азаматын елден шығару туралы шешім қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар...