КҚК-да қазақстандық мұнай экспорты қалыпты режимде жүріп жатыр — министрлік

«КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігі өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты судьясының 5 шілдедегі шешімі бойынша «КҚК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Үздіксіз әрекетті ескере отырып, «КҚК-Р» АҚ сотқа судья шешімінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берді», — деді ведомство өкілдері.

Энергетика министрлігі консорциум Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен Ространснадзор бұйрығында көрсетілген құжаттық заңбұзушылықтарды жою үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды «КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау тұрақты режимде жүзеге асырылып жатыр», — деді министрлік өкілдері.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....