КҚК Қазақстаннан Ресейге мұнай айдау көлемін азайтты

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалы көлемін айтарлықтай қысқартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі консорциум мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Себеп ретінде Теңіз кенішіндегі жөндеу жұмыстары мен Қашаған кенішіндегі өндірістің тоқтауы көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты КҚК құбыр жүйесінің бас бөлігінде («Теңіз» НПС) кен орнынан мұнай қабылдау қысқартылған режимде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтауына байланысты КҚК құбыр жүйесіне мұнай қабылдау көлемі қысқарды. Бұл факторлар «Теңіз-Новороссийск» құбыр жүйесі арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді», — делінген хабарламада.

Жұмыс режиімі туралы кейінірек тағы хабарланады.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД-дағы энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. «Теңіз – Новороссийск» құбырының ұзындығы 1511 шақырым. Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екі бөлігінен астамы, сондай-ақ ресейлік кен орындарының шикізаты, оның ішінде Каспий теңізінде орналасқан кен орындары осы бағыт бойынша тасымалданады.

КҚК-ның ең ірі акционерлері – «Транснефть» (24 пайыз) және «ҚазМұнайГаз» (19 пайыз).

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...