ҰҚК халықаралық операциясы: есірткі арнасы жойылды

ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық топ Таяу Шығыс пен Азия азаматтарынан құралған.

«Есірткі контрабандасы арнасының бағдары Ауғанстаннан бастау алып, одан әрі Қазақстан аумағы арқылы жүрген, баратын жері Нидерланд болған. Осы топ әрекетінің ауқымды географиясын ескере отырып, ҰҚК Нидерланд Корольдігінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырды.

Операцияның табысты іске асырылуына Орталық Азия өңірлік есірткіге қарсы күрес жөніндегі ақпараттық-үйлестіру орталығы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарқынды түрде жәрдем көрсетуі ықпал етті», — делінген хабарламада.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде халықаралық есірткі арнасына қатысы барлар анықталған.

«Нидерланд аумағында бақыланатын жеткізу барысында курьер ұсталып, одан Ауғанстанда өндірілген 30 келі героин тәркіленді. Бұдан әрі, Амстердам құқық қорғау органдары тінту барысында ірі есірткі плантациясын анықтады», — делінген ҰҚК мәліметінде.

Сарапшылар дерегі бойынша, жеткізілетін елде алынған есірткі құралдарының құны 2 миллион АҚШ доллары болады. Дерекке қатысты Нидерланд құқық қорғау органдары соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....