ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШЖҚ) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы Қазақстанға келетін шетел азаматтарының саны артып отыр.

Қолданыстағы 30 автокөлік бақылау бекеті қалыпты жұмыс істеп тұр. Жолаушылар мен көліктер ағынының артуына байланысты кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда», — деді министрліктің баспасөз қызметі.

ҰҚК Шекара қызметі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шекара өткелдеріндегі қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ететінін айтты.

«Ресей шекара қызметімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өз қызметінде халықаралық шарттар мен Қазақстанның ішкі заңнамасының нормаларын басшылыққа алады», — делінген хабарламада.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...