ҰҚК қайта құрылады. Тоқаев Жарлығының толық мәтіні жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» жарлығының мәтіні жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесіне мыналар кірді:

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің Авиациялық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Президенттің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бір бөлігі қызмет бабында пайдаланылатыны үшін құпия болады.

Құжаттың толық нұсқасы мына сілтемеден оқуға болады.

Еске салайлық, 17 мамырда Президент «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды. Құжатта Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Президенттің 15 жарлығына түзетулер енгізіледі. ҰҚК жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылды және оңтайландырылды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...