Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің «Тайталас» кітабының тұсаукесері өтті. Әдеби басқосудың басты ерекшелігі автор мен шығармаға арқау болған басты кейіпкер Досымхан Аралбаевтың бір кездесуде жүздесуі болды.

Кітаптың тұсаукесері «Белсенді ұзақ өмір» орталығында өтіп, оған белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының мамандары қатысты. Қазақстанның құрметті журналисі, «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі, Президент сыйлығының иегері Байқал Байәділдің жаңа туындысы оқырманға таныстырылып, оның мазмұны мен көркемдік қырлары талқыланды.

Кездесу барысында филология ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры Сәбит Жәмбек Нұрмұхамедұлы «Тайталас» кітабына ғылыми талдау жасап, шығарманың мазмұндық-көркемдік ерекшеліктері жөнінде баяндама ұсынды.

Әдеби кешке қатысушылар авторға сауалдарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Шараның көркін қазақтың дәстүрлі әндері мен музыкалық шығармаларынан құралған концерттік бағдарлама аша түсті.
Жиында жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрғиса Дәуешов және басқа да қонақтар сөз сөйлеп, кітаптың маңызы мен қаламгер шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды.

Қаламгер мен өзі жазған туындының басты кейіпкерінің бір ортада бас қосуы кітап пен өмір арасындағы байланысты тереңірек тануға мүмкіндік берді. Мұндай әдеби кездесулер оқырманның шығармашылық туындыға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетті насихаттауға ықпал етеді.


Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 ОҚУШЫҒА ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысында жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, батырлық...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында сталкингтің алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау...

«Закон и порядок» и механизмы его реализации в специализированных межрайонных экономических судах

В современной правовой политике Казахстана концепция «Закон и Порядок»...

ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Қазіргі таңда гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам алдындағы...

ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Қазіргі таңда гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам алдындағы...