12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КӨГІЛДІР ОТЫН АУЫЛДАРҒА ЖЕТТІ

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында халықтың 99,5 пайызы газбен қамтылған. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 96,1 пайызға жетсе, жолдардың жағдайы да түзеліп, көшелерді жарықтандыру мәселесі де оң шешіліп келеді.

«Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге биыл 622 млн теңге қарастырылған. Жалпы, бұл бағытта ауданымызда жүзеге асырылып жатқан 5 жобаға бөлінген қаржының көлемі 3,1 млрд теңгені құрайды. Осы қаржыны ұтымды пайдалана отырып, Құлан ауылындағы «Арай» алабында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу, Р.Сабденов ауылындағы су шығару ғимараты жəне су құбыры желілерін тарту, Сөгеті ауылында су қабылдағыш жəне су құбыры желілерін жолға қою жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Шөңгер, Мамай ауылында да су құбыры желілерінің құрылысы қолға алынды», – дейді Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының əкімі Ернар Есіркепов. Т.Рысқұлов ауданында автожолдардың да талапқа сай болуы басты назарда. Биыл бірқатар маңызды жолдарды жөндеуге қомақты қаржы қарастырылған. Ернар Серікəліұлының сөзіне қарағанда, ауданда шешімін табуды қажет ететін өзекті мəселелер аз емес. Қазір бұл жағдайлар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен нақты жұмыстар атқарылуда. Мəселен, Луговой ауылындағы тұрғын үй алқабының ауыз су, газ тарту, Арай, Панфилов тұрғын үй алқаптарының кəріз жүйелерін тарту; 5 елді мекенге ИЖС инфрақұрылым тарту бойынша жұмыстар үйлестіріліп жатыр. Бұдан бөлек білім саласы бойынша 10 мектептің спорт залы, 5 бастауыш мектепте асхана жоқ. 18 мектеп, 3 балабақша, 1 жасөспірімдер орталығы күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. 7 мектептің қазандықтары газға ауыстырылуы керек. Денсаулық сақтау саласы бойынша аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жəне Құлан, Көгершін ауылдарында амбулаториялық пунктер салыну керек. Аудан əкімдері көпшілік сұранысына орай бұл əлеуметтік нысандарды жөндеп, ел игілігіне жарату үшін ауқымды іс-шараларды қолға алуда.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Судья мәртебесі және сот әдебі

Дана халқымыз «Әділ би – елдің құты» деп бекер...

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...