12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы сыбайлас жемқорлық жауапкершілігінен босатпайды

Парламент ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар (мектеп, аурухана және басқа да ұйымдар) директорлары мен жетекшілерінің кәсіпкерлікпен айналысуына қойылған тыйымды алып тастайтын Заң қабылдады. Нақтылап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет олардың лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірмеуі, сол мақсатта қызметтік мүлікті пайдаланбауы немесе мүдделер қақтығысын тудырмауы керек.  

Қабылданған өзгерістердің түп негізі коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры азамат А.Белгібаевтың өтініші бойынша шығарылған Конституциялық Соттың аталған тыйымды Конституцияға қайшы деп тануы туралы шешімі болды. Сонымен қатар, Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметке қойылатын шектеулер лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты және сараланған болуы керек екенін атап өтті.

Ведомстволық ұйым басшылары бұрынғыдай сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық субъектісіне жатады және мемлекеттік қызметшілермен тең дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның назарында болады.

Аталған басшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылады. Атап айтқанда, оларға қаржылық бақылау шаралары, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптар, сондай-ақ туыстарымен бірлесіп жұмыс істеуге тыйым салу нормалары сақталады.

Тиісінше, ведомстволық ұйымдар басшылары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында белгіленген шектеулерді, оның ішінде қызметтік мүлікті пайдалану немесе мүдделер қақтығысы кезінде қызмет жүргізу талаптарын бұзған жағдайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін қызметтен босату түріндегі жауапкершілік көзделген.

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...