12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәсіби мереке судьялар мен сот қызметкерлеріне деген құрметтің белгісі

Сот құрылымының, судьялар қызметінің қоғамдағы маңызы зор. Мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан, сот саласына да, судьялар жұмысына да қойылатын талап жоғары. Судьяның әрбір сауатты шешімі – мемлекеттегі әділдіктің, қауіпсіздіктің, тұрақтылықтың кепілі. Осындай жоғары жауапкершілік арқалаған судьялар еңбегінің дәріптеліп, арнайы кәсіби мерекенің бекітілуі үлкен қуаныш.

Кәсіби мереке – әрбір кәсіпке деген құрметті арттырады, осы салада еңбек етіп жүрген жандардың мерейін өсіреді, қоғамдағы судья болуға ниетті азаматтардың қатарын көбейтеді. 2022 жылы қабылданған Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысына сай судьялар мен сот қызметкерлері 24 маусымды кәсіби мереке ретінде атап өтіп келеді. Міне, биыл бұл мейрамды қазақстандық соттар үшінші жыл қатарынан мерекелеуде.

Кәсіби мереке – саладағы аға буын мен кейінгі буын арасындағы сабақтастықты жалғастырудың тамаша мүмкіндігі. Жыл сайын сот органдары ардагер судьяларды арнайы шақырып, соттағы жаңашылдықтармен таныстыруды, ой-пікірлерін тыңдап, ортақ мәселелерді бірігіп талқылауды әдемі дәстүрге айналдырып келеді. Мұндай шаралар ардагерлердің ізінен ерген кейінгі жастарға деген ілтипатын нығайтады. Әрі көргені көп, өмірден түйгені мол ардагер судьялардың ақыл-кеңесін тыңдап, тәжірибесінен хабарлар болу жастарға да ерекше пайдалы.

Ортақ мереке қарсаңында үздіктерді анықтайтын байқаулар ұйымдастыру, командалық рух қалыптастыру да назардан тыс қалған емес. Мұндай жарыстар ұжымдағы әріптестердің ынтымағын арттырып, бірлігін нығайтады. Ал «Бірлігі бекем ұжымның белін ешкім сындырмас», «Бірлігі мықтының тірлігі күшті» деген мақалдарды бабаларымыз тегін айтпаған.

Кәсіби мереке кезінде еңбегімен көзге түскен, белсенділігімен жұрт назарына іліккен, үздік нәтижесімен ұжымдастар құрметіне бөленген жандардың басшылық тарапынан еленіп, марапатқа ие болуы да сала қызметкерлерін ынталандырудың бір тетігі. Жыл сайын мереке кезінде үздіктердің марапатталуы әріптестерге де жақсы стимул. Өйткені, қатарында адамның еңбегінің бағаланғанын көру басқалардың да үздіктер қатарынан көрінсем деген қызығушылығын оятып, алға жетелейді. Осы ретте еңбектің әділ бағаланғаны дұрыс. 

Кәсіби мерекенің 24 маусымға қойылуы да бекер емес.  Тарих беттерін парақтайтын болсақ дәл осы күні «Қазақ КСР сот құрылысы туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Осы заң 1992 жылы толықтырылып, онда елде сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыратыны, сондай-ақ, ҚР Жоғарғы Соты мен облыстық, қалалық, аудандық және  жаңадан құрылған әскери соттар Қазақстан соттары болып табылатыны айқындалған болатын. 

         Ендеше, барша сот қауымының қызметін үйлестіруге бағдар болған осы заңның тарихи құндылығын дәріптеп, ол қабылданған 24 маусымды кәсіби мереке ретінде айқындаудың маңызы зор. Судьялар мен сот қызметкерлерінің мәртебесін арттырып, беделін көтеруге кәсіби мереке айтарлық ықпал етері талассыз. 

Маржан Суранчиева,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы 

МЕМЛЕКЕТ АЙБЫНЫ

ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші...

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...