12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәсіби мереке – судьяларға деген құрметтің белгісі

Сот саласының мемлекетті дамытудағы орны орасан. Себебі, құқықтық, зайырлы мемлекетте әділ сот, тура төреліксіз алға басу, ілгерілеу мүмкін емес. Сондықтан да мемлекеттің дамуына қатысты баға бергенде, елдің қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуына назар аударғанда соттың жұмысы негізгі көрсеткіш ретінде алынатыны түсінікті. Тіпті Қазақстанға инвестиция салып, кәсібін кеңейткісі келген шетелдік кәсіпкерлер де сот жұмысының рейтингіне қарап таңдау жасайтынын ұмытпауымыз керек.

Міне, сондықтан да отандық сот жаңа реформалардың жаршысы болып келеді. Сот беделіне қарап мемлекеттің беделі нығаятындықтан, сот жұмысын жандандыру, судьялардың мәртебесін көтеру, сотқа деген халық сенімін арттыру бағытында көптеген жобалар мен бастамалар қолға алынуда. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларынан да сот саласын дамыту мәселесі сырт қалған емес. Соның нәтижесінде қазақстандық соттың қол жеткізген жетістіктері баршылық.

Ақ пен қараны әділ ажыратып, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың кепіліне айналған судьяларға деген құрмет қашанда жоғары. Ал осындай көпшілік ілтипатына ие болған судьялар мен сот қызметкерлерінің арнайы кәсіби мерекесі тек осыдан үш жыл бұрын ғана бекітілгені белгілі. Төл мерекенің болуы әрбір мамандыққа деген мақтаныш пен қызығушылықты оятады. Мұндай күн осы кәсіпке деген жұртшылық қызығушылығын арттырудың пәрменді тетігі. Сондай-ақ кәсіби мереке саладағы білікті мамандарды дәріптеудің, үздіктерді анықтаудың, аға буынға алғыс айтып, ұрпақтар үндестігін жалғастырудың таптырмас көзі екенін де ұмытпағанымыз жөн.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы қаулысына сай «24 маусым – Судья және сот қызметкері күні» болып бекітілді. Міне, содан бері әріптестеріміз төл мерекені ерекше форматта атап өтуде. Биыл да кәсіби мереке шеңберінде түрлі естеліктер жазылып, сот тарихын толықтыратын деректер мен дәйектер жарияланатыны анық. Мамандыққа деген сүйіспеншілікті нығайтатын кәсіби мерекенің маңызын арттыру баршамыздың міндетіміз.

Г.Ажибаева, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Защита прав несовершеннолетних при рассмотрении дел в суде

           Несовершеннолетние- одна из наиболее уязвимых категорий граждан, чьи...

Исатай СМАТОВ, Маңғыстау облысы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «ЖАҢА РЕФОРМАЛАР – ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ»

Сот жүйесін жаңғырту, сотқа деген сенімді нығайту мақсатында көптеген реформалардың жүзеге асырылғаны белгілі. Дербес кассациялық соттар – сол ілкімді жобалардың бірі. Бұл бастаманың қолға алынуына не себеп болды?

Әкімшілік істердің әскери соттарға соттылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) қолданысқа енгізіліп,...

Конституцияның отызыншы белесі

Ата заң – мемлекеттің алтын қазығы. Еліміздегі барлық заңдар...

Еңбек пен ізденіс біліктілікті арттырады

Судья – Президент жарлығымен тағайындалатын мәртебелі мамандық. Адам тағдырын...