12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәмлетке толмағандарды девиантты мінез-құлқы бар арнайы білім беру ұйымына жіберу

Қазіргі қоғамда кәмелетке толмағандардың мінез-құлықтағы ауытқушылықтары (девиация) – әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан өзекті мәселе. Девиантты мінез-құлық ата-ананың, мектептің, қоғамның назарынан тыс қалғанда, құқық бұзушылыққа, суицидтік әрекеттерге, бассыздыққа немесе әлеуметтік бейімсіздікке әкелуі мүмкін. Мұндай балалармен жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Қазақстанда девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Девиантты мінез-құлық – қоғамда қабылданған нормаларға қайшы келетін, балаға да, айналасына да қауіп төндіруі мүмкін іс-әрекеттер жүйесі. Оған мыналар жатады үйден, мектептен қашу; үнемі тәртіп бұзу; агрессия, жанжалшылдық токсикомания, темекі, алкоголь қолдану, ұсақ құқық бұзушылықтар; қарсылық, сөз тыңдамау, бақылаусыздық; девиантты ортаға тәуелділік.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелерi болып табылады және әкiмшiлiк жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алудан қасақана жалтаратын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтiк оңалту мақсатында құрылады. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның ұсынысы бойынша кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi сот қабылдайды. Кәмелетке толмаған бала арнаулы бiлiм беру ұйымына бiр айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі ‑ АПК) 332-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы арызда кәмелетке толмағанның оны көрсетілген білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаулысы ұсынылуға тиіс.

Кәмелетке толмағандарды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған мектепке орналастыру – баланы қоғамнан оқшаулау емес, ол үшін қауіпсіз, бақылаулы, тәрбиелік орта қалыптастыру.

М.Оразғали

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшіснің бас маманы-сот отырысының хатшысы

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік...

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі базасында жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру

         2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев...

Развитиелогистики и трансграничных хабов

Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев сообщил, что запуск...

Казахстан разработал Концепцию управления всеми видами отходов на 2026–2030 годы

Вице-министр экологии и природных ресурсов РК Жомарт Алиев на...

Во имя будущего страны

Управление образования г. Алматы посвятило очередное расширенное заседание актуальным...