12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәмелетке толмаған балалармен кездесу тәртібін анықтау туралы азаматтық істерді қарау ерекшеліктері

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 27 бабының 2 бөлігінде балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті  деп  бекітілген.

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 61 бабына сәйкес, баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесінің (ерлі-зайыптылығының) бұзылуына, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы құқығына әсер етпеуі тиіс. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар.

  Кодекстің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкескелiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

           Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.

Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған тәртіппен шешеді, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешеді.

Аталар мен әжелердің кәмелетке толмаған немерелерімен қарым-қатынас тәртібі туралы даулар да осылай шешіледі. Соңғы уақытта бұл даудар өзекті сипат алып отыр. 

Мысалы,  Тараз қаласы  бойынша  білім  бөлімінің  шешімімен талап қоюшы Н. кәмелетке толмаған немересімен   айына  екі  рет  әр  айдың  бірінші  және  төртінші аптасында жексенбі  күндері сағат 11-00  ден  бастап сағат 14-00  дейін, бала ата-апасына үйренгенше, анасының  қатысуымен  кездесу  уақыты  белгіленген. Ал, бала ата-апасына үйренген соң, осы уақытта бірақ анасының қатысуынсыз.

Талап қоюшы сотқа берген талап қоюында Тараз  қаласы  бойынша  білім  бөлімі шығарған  шешімі жауапкер тарапынан мүлде орындалмауда деп,   онымен  байланысу  мүмкін  емес  екенін  көрсетіп, немересімен қарым-қатынас  жасау  үшін  аптасына  бір  рет  кездесу  уақытын  белгілеуді  сұраған.

 Жауапкер А. жазбаша пікірде талап арызбен келіспей,  талап қоюшы Н. және үшінші тұлға баланың әкесі Т., бала туылғаннан бері он жыл бойы оның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл аударып іздеп келмеген деп көрсеткен.  

Талап  қоюшы  Н. сот отырысында берген түсінігінде жауапкер жүкті кезінде  өз еркімен кетіп қалған, немересі туылғаннан бері көрсетпей жүр, атасы ретінде  ұрпағымен араласқысы келетінін, соттан  жауапкердің  кәмелетке  толмаған  немересімен  әр  аптаның  жексенбі  күні  сағат  11-00  ден  сағат 17-00  дейін  көрсету  арқылы  кездесу  уақытын  белгілеуді  сұраған.

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 қараша 2018 жылғы № 15 «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының  4 тармағының 4-6 абзацтарына сай, баладан бөлек тұратын ата-ананың баламен араласу құқығын, сондай-ақ осы ата-анамен араласу кезінде кәмелетке толмаған адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттігін негізге ала отырып, сот әрбір нақты істің мән-жайларын ескеріп, араласудың тәртібін (араласу уақыты, орны, ұзақтығы және т.б.) айқындайды және оны шешімнің қарар бөлігінде көрсетеді.

Ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау кезінде оның жасы, денсаулық жағдайы, ата-ананың әрқайсысына үйірлігі және баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның рухани дамуына әсер ететін басқа да мән-жайлар назарға алынады.

Бөлек тұратын ата-анамен араласу балаға зиян келтіруі мүмкін ерекше жағдайларда, сот баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығының және оның рухани дамуына зиян келтірмеу үшін ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға жол бермейтін Кодекстің 73-бабының 1-тармағын негізге алып, қабылданған шешімнің уәждерін баяндай келе, осы ата-ананың бала тәрбиесіне қатысу тәртібін айқындау туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.

Сот  отырысында  анықталғанындай талап  қоюшы  кәмелетке  толмаған С-тің атасы  болып  табылады. Тараптар  арасында өзара  конфликтік  жағдай  қалыптасқан.

Баламен кездесу уақытын белгілеу барысында бірінші кезекте кәмелетке толмаған баланың мүддесі мен құқықтары басшылыққа алынуы міндетті болып табылады, тиісінше, сот тек ғана ата-аналардың,  ата-әжесінің талаптарын негізге ала алмайды.

10-жасар бала талап қоюшы Н-мен кездесуден бас тартты, өзінің ата-әжесі бар екенін, басқа атасын білмейтінін және танымайтынын көрсеткен.

Азаматтық процестік кодексінің 6-бабының 5-бөлігіне сәйкес егер заңда немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып шешуге міндетті.

Осыған байланысты, сот кәмелетке толмаған С. туылғаннан бастап он жыл бойы не туған әкесі, не әкесі жағынан атасы баланың тағдырына қызығушылық білдірмегенін, қамқорлық танытпағанын, онымен кездесуді іздемегенін және оны асырауға материалдық қолдау көрсетпегенін ескерді.

Балаға деген қызығушылық тек бір жыл бұрын жеке сот орындаушының борышкер Т-ға қатысты алимент бойынша 5 млн теңгеге жуық қарызды анықтау туралы шығарылған  қаулысынан кейін пайда болған. 

Кәмелетке  толмаған  баланың жас  ерекшелігін, оның пікірін, талап қоюшы атасы құқығында немересімен ұзақ уақыт бойы араласпағандықтан,  баланың жаңа отбасында тұрып жатқанын, ол жерде де ата-әжесінін болуын,  тараптар арасындағы  қалыптасқан конфликтік жағдайды негізге  алып,  талап қоюшының  кәмелетке  толмаған немересімен  кездесулерді  белгілеу  баланың  мүддесіне  қайшы  келеді  деп  сот, талап қоюшы  Н-нің талап қоюы    қанағаттандырусыз  қалдыруға  жатады деген тұжырымға келген.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы З.Смағұлова

Жоғарғы Сот республика соттарының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кеңейтілген...

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

 Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного...

Абай — дана

«Биылғы жылы Қазақстан тарихи маңызы бар бірқатар мерейтойлық даталарды...

«Конституциялық сот – Конституцияның кепілі»

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы...

Бітімгершілік – биік адамгершілік іс

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң)...