Заң және Тәртіп: Цифрлық дәуірдегі құқықтық қауіпсіздіктің қарапайым ережелері

Қазіргі заман — жоғары технологиялар дәуірі. Бұл үрдіс мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін түбегейлі трансформациялап, отандық заңнаманың дамуына жаңа серпін берді. Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтерді толықтай цифрлық форматқа көшіру мақсатында ҚР Цифрлық кодексі, «Цифрлық активтер туралы» Заңы сынды маңызды құқықтық актілер қабылданып, жүзеге асырылуда.

Алайда, отандық заңнаманың жаңғыруы өзімен бірге жаңа қауіптерді де ала келді. Қылмыс әлемі де заман ағымына бейімделіп, ақпараттық жүйелерді айла-шарғыға айналдыруда. Бүгінде құқық бұзушылықтар цифрлық кеңістікке ойысып, қоғамдағы заң мен тәртіптіңмызғымастығына сын-қатер төндіріп отыр.

Заң мен тәртіп концепциясын ілгерілетудің құықықтық нәтижелерінің бірі – құқықтық сауаттылықты дамыту болып табылады. Осы орайда цифрлық дәуірдегі құқықтық қауіпсіздіктік қарапайым ережелерін түсіндіріп өткен жөн деп есептейміз. 

Сот тәжірибесінде күн сайын біраз қылмыстық іс материалдары — мүлікке тыйым салу, банк шоттарын бұғаттау және басқа да тергеу әрекеттері бойынша санкциялар қаралады. Бұл құжаттардың артында адам тағдыры және үлкен қасірет тұр. Өмір бойы жиған зейнетақысынан бес минутта айырылған қарттар, алаяқтардың арбауына түсіп, мойнына миллиондаған несие ілінген қарапайым жұмысшылар және басқалары.

Ең өкініштісі — бұл азаматтардың барлығы дерлік құқықтық сауаттылықтың төмендігінен, өз қаражаттарын қылмыскерлердің қолына өз еркімен ұстатқан. Осы орайда сот органының басты міндеті — заң аясында құқықтық тәртіпті қорғау және азаматтарды киберқылмыстың тұзағынан сақтандыру.

Қылмыскерлердің негізгі әдісі — өздерін банк қауіпсіздік қызметі, Ұлттық банк, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыру. Олар психологиялық қысым көрсетіп, «Атыңыздан несие рәсімделуде», «Ақшаны қауіпсіз шотқа аударыңыз» немесе «Тез табыс табуға болады» деген жалған шаблонды сөздерді қолданады.

Есіңізде болсын, телефоныңызға келген SMS-код — бұл сіздің электронды қолтаңбаңыз. Бұл кодты үшінші тұлғаларға беру арқылы сіз өз құқықтарыңызды шектеп, қылмыскерлерге жол ашасыз.

Соынмен бірге, бүгінде жастар, әсіресе студенттер арасында тағы бір қауіпті құқық бұзушылық белең алуда. Олар жеңіл пайда табу үшін өз аттарына банк карталарын ашып, оны бөгде тұлғаларға сатып жібереді. Мұндай адамдарды «дропперлер» деп атайды. Қылмыстық кодекске жаңа 232-1-бап енгізілді, осыған орай дропперлік ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. 

Өз картаңызды басқа біреуге беру — қылмысқа серіктес болу деген сөз. Заң алдында жауапкершілік тең. Сот мұндай шоттарды бірден бұғаттайды және осы заңсыз әрекетке барған азаматтар бірінші болып жауапқа тартылады.

Қылмыстың алдын алу — заң мен тәртіпті орнатудың ең тиімді жолы. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін келесі  қарапайым ережелерді сақтау кепіл болуы мүмкін, атап айтқанда:

— банктік картаңыздың (шотыңыздың) деректерін ешкімге айтпаңыз; 

— мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде полиция, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай- ақ банк қызметшілері  ешқашан WhatsApp, Telegram немесе өзге мессенджерлер арқылы бейнеқоңырау шалмайды;

— SMS-код — сіздің жеке құпияңыз, ешбір тұлға оны сұрауға құқылы емес. Сұраған сәтте байланысты бірден үзіңіз;

— егер сізді асықтырып, үрей туғызса — тұтқаны қойыңыз. сабырға келіңіз де, банктің ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.

Мемлекет тарапынан қылмыскерлерді анықтау, шоттарды бұғаттау және құқықтық тәртіпті орнату бағытында заң аясында барлық шаралар қабылдануда. Алайда, шетелден басқарылатын киберқылмыстармен күресу әрбір азаматтың салқынқандылығы мен құқықтық сауаттылығына тікелей байланысты.

Күмәнді сәтте телефондағы қызыл батырманы басу — өзіңізді қылмыс жәбірленушісі болудан сақтайтын ең басты құқықтық қорғанысыңыз.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясыТаласбаев У.С.

​         

Мечта, ставшая реальностью: как отличная учеба открывает прямую дорогу на государственную службу

Государственная служба всегда была и остается важнейшим институтом, от...

Күзетпен ұстау, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялаудан бас тарту мәселелері

          Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде әркімнің жеке бас бостандығы мен...

2026 жылғы Конституция: Адам құқықтарын қорғаудың жаңа кезеңі

2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы толықтай...

Заң және Тәртіп – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты

2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа...

Адам құқығы – қоғамның айнасы

Адам құқығы – әрбір адамның туған сәтінен бастап берілетін ажырамас құндылығы. Оладамның ар-намысын, бостандығын, қауіпсіздігін және теңдігін қамтамасыз етеді. Құқықсақталған жерде әділет салтанат құрады, ал құқық бұзылған жерде қоғамның дамуытежеледі. Сондықтан адам құқығын қорғау – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтыңортақ міндеті. Қазіргі таңда қоғамда нәзікжандылардың және жасөспірімдердің құқықтарын қорғаумәселесі ерекше өзекті. Себебі бұл санаттағы азаматтар кейде өз құқықтарын толыққорғай алмайды және түрлі қысымға ұшырауы мүмкін. Әйел – отбасының ғана емес, қоғамның тірегі. Оның білім алуға, еңбек етуге, өз пікірінеркін айтуға, қауіпсіз өмір сүруге толық құқығы бар. Өкінішке қарай, тұрмыстықзорлық-зомбылық, еңбек саласындағы кемсітушілік, психологиялық қысым сияқтымәселелер әлі де кездеседі. Мұндай жағдайларда үнсіз қалу мәселені шешпейді. Заң әрбіразаматтың құқығын қорғайды, сондықтан құқық бұзылған жағдайда тиісті органдарғажүгіну – заңмен кепілдендірілген құқық. Мысалы, көпбалалы ана ұзақ жыл бойы жұмыс істеп жүрген мекемесінде қызметтік өсумүмкіндігінен бірнеше рет шеттетілген. Ол өз құқығын қорғау үшін заңгердің көмегінежүгініп, еңбек заңнамасына сәйкес әділ шешімге қол жеткізді. Бұл оқиға құқықты білумен оны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Жасөспірімдердің құқығы да ерекше қорғауды қажет етеді. Әрбір бала мен жасөспірімніңбілім алуға, денсаулығын сақтауға, қауіпсіз ортада өмір сүруге, пікірін еркін білдіругежәне зорлық-зомбылықтан қорғалуға құқығы бар. Өкінішке қарай, мектептегі буллинг, интернеттегі қорлау, мәжбүрлі еңбек немесе ата-ананың немқұрайлылығы секілдіжағдайлар олардың құқықтарының бұзылуына әкеліп жатады. Мысалы, мектепте бір оқушыны қатарластары ұзақ уақыт бойы мазақтап, әлеуметтікжеліде келемеждейтін бейнематериалдар таратқан. Бұл жағдай уақытында анықталып, мектеп әкімшілігі, психолог және ата-аналар бірлесіп жұмыс жүргізудің арқасындамәселе шешімін тапты. Осы мысалдан бала құқығын қорғауда тек заң ғана емес, мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен әрекеті маңызды екенін көруге болады. Адам құқықтарын қорғау тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес. Ол әрбір ата-ананың, әрмұғалімнің, әр жұмыс берушінің, әр азаматтың азаматтық борышы. Заңды білу – өз құқығыңдықорғаудың алғашқы қадамы, ал өзгенің құқығын құрметтеу – мәдениетті қоғамның белгісі. Құқықтық мемлекет заңдардың көптігімен емес, олардың әділ орындалуымен ерекшеленеді. Егер әйел өзін қауіпсіз сезінсе, бала қорықпай білім алса, әр азамат өз пікірін еркін білдіре алса, бұл мемлекеттің ең үлкен жетістігі. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі дәрігер, мұғалім, инженер, кәсіпкер немесе судья. Бүгін құқығықорғалған қыз бала – ертең елдің дамуына үлес қосатын білімді ана, білікті маман болады. Сондықтан нәзікжандылардың құқықтарын қорғау – отбасының беріктігін сақтау болса, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау – мемлекеттің ертеңін қорғау. Қорытындылай келе, адам құқығы – заң баптарымен ғана өлшенетін ұғым емес. Ол – ар-ождан, әділет, жауапкершілік және адамға деген құрмет. Құқығы қорғалған азамат – өзіне сенімдіазамат. Өз құқығын білетін қоғам – әділетті қоғам. Ал әділетті қоғам – Мәңгілік Елдің ең берікіргетасы.                                                       Ақтөбе облысының мамандандырылған  ауданаралық әкімшілік сотының                                                     бас маман-сот отырысының хатшысы                                                                                                      А.С.Байпакова