12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәсіп бастайтын азаматтарға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант беріледі

21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініштер қабылданады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарланып отыр. Өтініш Business.enbek.kz порталында қабылданады.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, негізгі мақсаты — жаңа бизнесті бастау және дамыту. Гранттың мөлшері — 400 АЕК (1 572 800 тенге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

«Грант ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін арттыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп жазылған хабарламада.

Өтініш беру шарттары

  • Порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкес тексерістен өту;
  • бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернет немесе компьютер болмаса, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Грантты кімдер ала алады?

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы, 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс.

Грантты қайда жұмсауға болады?

Грантпен қажет құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, мал, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Грант кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Грант қалай беріледі?

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарайтын аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өз бизнес жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді.  

Былтыр қазақстандық тауар биржасындағы мәмілелер көлемі 746 млн долларға жетті

Минскіде 9-12 маусым аралығында өткен Халықаралық биржалар қауымдастығының (ХБҚ)...

СВОЕ ЖИЛЬЕ: МЕЧТАИЛИ РЕАЛЬНОСТЬ?

ВОПРОС ДОСТУПНОСТИ ЖИЛЬЯ ДЛЯ ГРАЖДАН КАЗАХСТАНА ВНОВЬ СТАЛ ПРЕДМЕТОМ ВНИМАНИЯ ПАРЛАМЕНТАРИЕВ. ДЕПУТАТ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА РК, ЧЛЕН ФРАКЦИИ ПАРТИИ «AMANAT» ЕРБОЛАТ САТЫБАЛДИН НАПРАВИЛ ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС НА ИМЯ ЗАМЕСТИТЕЛЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА ЕРМЕКА КОШЕРБАЕВА, В КОТОРОМ ПРИЗВАЛ К КАРДИНАЛЬНОМУ ПЕРЕСМОТРУ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ЖИЛИЩНОЙ ПОЛИТИКИ.

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 9 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 2024–2025 жылдары 12 600 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілді. Ал 4500 орындық 4 мектеп Ақтау қаласындағы 17, 33, 19-шы шағын аудандарда ашылса, Батыр ауылынан бір білім ошағы пайдалануға беріліп үлгерді.

РАҚЫМШЫЛЫҚ – ТҮЗЕЛУГЕ НИЕТТІ АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕТІН МҮМКІНДІК

Елімізде кезекті мəрте сотталғандарға рақымшылық жасалмақ. Тəуелсіздік алғаннан бері оныншы рет жасалып отырған бұл шараға ілінетіндер арасында көбіне кəмелетке жасы толмаған баласы бар аналар жəне жүкті əйелдер бар.

Мемлекет басшысы «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мақсаты – жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық нысандарын көбейту, сондай-ақ қоршаған ортаға және адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз ету арқылы аквашаруашылықты тұрақты дамыту.