Құрбан айт: елімізде құрбандыққа шалатын мал бағасы өсті

27-29 мамыр аралығында мұсылмандар қасиетті Құрбан айт мерекесі. Осының қарсаңында Қазақстанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы қымбаттады, — деп хабарлайды Aikyn.kz.

Energyprom мәліметтері бойынша, биыл наурыз айында базарлардағы бір сиырдың орташа бағасы 489,3 мың теңге, бұқа — 526,7 мың теңге, жылқы — 581,3 мың теңгеге жетті. Төрт түлік малдың ішінде ең қымбаты түйелер болды: ірі түйенің (інген емес) орташа құны 804 мың теңгеден, ал інгеннің бағасы 782 мың теңгеден асты. Қойлар орташа есеппен бір бас үшін 77,2 мың теңгеден, қошқар — 86,3 мың теңгеден, ал ешкі — 46,3 мың теңгеден сатылған.

Құрбан айт қарсаңында құрбандыққа шалынатын малға деген маусымдық сұраныстың артуы да нарыққа қосымша әсерін тигізіп жатыр. 

Мәселен, қазір ірі қара мал (ІҚМ) үшін 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін, қой үшін — 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, ешкі (теке) үшін — 55 мыңнан 100 мың теңгеге дейін сұралады. Ал түйеге тапсырыс беруге болатын барлық аймақтарда бірыңғай баға — 1,1 млн теңге болып белгіленген.

ІҚМ бағасының ең айтарлықтай өсімі Абай облысында тіркелді — бір жылда бірден 42,1%-ға өскен. Сондай-ақ бағаның елеулі қымбаттауы Қарағанды (32,3%-ға), Түркістан (30,3%-ға) және Қостанай (28,8%-ға) облыстарында байқалды. Жылқы сегментінде ең жоғары баға өсімі Абай (38,8%-ға) және Маңғыстау (24,5%-ға) облыстарында, ал қой бойынша — Абай (42%-ға) және Атырау (28,7%-ға) облыстарында белгіленді.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.