12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әйел құқығын қорғау басты орында

Қазақ халқы қыздарына, жалпы әйелдер қауымына ежелден құрметпен қарап, анасын отбасының алтын қазығы санаған. Бұл үрдіс тәуелсіз елімізде жалғасын тауып келеді. Яғни, мемлекетімізде әйелдер құқығының қорғалуы мен теңдігінің сақталуы басты орында. Қазақстан Республикасының Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы, сондай-ақ, Тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңдары қабылданып, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, т.б. арнайы бағдарламалардың бекітілуі осының жарқын көрінісі.

Гендерлік теңдіктің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы гендерлік саясат концепциясы туралы Үкімет қаулысымен нақтыланды.
Бұл заңдар мен тұжырымдамада әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең дәрежеде  қатысып, кәсіптерін дамытуы, сонымен бірге отбасында  құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыруына жағдай жасау бағыттары қамтылған.  Бұдан әрі нақтыласақ тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында отбасы институтын нығайту, репродуктивті денсаулықты сақтау, балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, 2030 жылға дейін басшылық қызметтердегі әйелдер санын 30 пайызға арттыру жоспарланған. Соған сай елімізде мемлекеттік қызметте, кәсіпте, сот, құқық қорғау органдары, барлық салада қыз-келіншектер ерлермен бірдей тең дәрежеде еңбек етіп жатыр. Мысалы, Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда шағын және орта бизнестің 45 пайызға жуығы әйелдерге тиесілі.
Әлемдегі 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияны ратификацияласа, олардың ішінде Қазақстан да бар. Гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді.
Елімізде гендерлік стратегияны іске асыру барысында ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді. Отбасылық міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыруда еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілді. Сонымен қатар, жүкті және баласы бар әйелдердің жұмысын реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар нақтыланды. Мысалы, Еңбек туралы заңмен әйелдер еңбегін ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда пайдалануға  және олардың шекті нормадан асатын жүкті қолмен көтеріп, жылжытуына тыйым салынды. 

Сонымен бірге әлеуметтік төлемдер жүйесінде бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеуге, 18 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар қарастырылды. Қылмыстық заңнамаға сай, зорлау, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау ауыр санаттағы қылмысқа ауыстырылып, тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елдің еңсесін көтеруге әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Гендерлік саясат әйелді ерден жоғары қоюды емес, ең алдымен оларды ерлермен тең дәрежеде билікке тартуды, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасауды, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеуді көздейді.
 Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қазақ мешеу болып қалмаймын десең, тағылымыңды, бесігіңді түзе, оны түзеймін десең, әйелдің халын түзе» деуі әйел затының қоғамдағы орны қаншалықты биік екенін нақтылап берді. Демек, жоғарыда аталған игі шаралар Қазақстан үшін әйелдер құқығының қорғалуы мен олардың мүдделерінің сақталуы басты орында екенін көрсетеді.
Алия Байбатырова,
Мамандандырылған ауданаралық
тергеу сотының кеңсе меңгерушісі
Алматы қаласы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

БЕЗ ФОРМАЛИЗМА И ПОД ЖЕСТКИМ КОНТРОЛЕМ

В СВЕТЕ КАТАСТРОФИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ, СВЯЗАННЫХ С ВЕСЕННИМИ ПАВОДКАМИ, ПРЕДСТАВИТЕЛИ ПРАВИТЕЛЬСТВА РК ОТМЕЧАЮТ НЕОБХОДИМОСТЬ ТЩАТЕЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ К ПОСЛЕДУЮЩИМ СЕЗОНАМ, В ТОМ ЧИСЛЕ – И К БУДУЩЕМУ ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ.

Страны Центральной Азии объединят усилия в трех направлениях безопасности

В столице Казахстана состоялась первая встреча секретарей Советов безопасности...

В РАМКАХ МОДЕРНИЗАЦИИ ШКОЛ

НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ СЪЕЗДЕ УЧИТЕЛЕЙ В ОКТЯБРЕ 2023 ГОДА ПРЕЗИДЕНТ...