Әйелдер мекемесінде «Халықтың ұлы перзенті» атты іс-шара өтті

Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті, ұлтжандылықты және өз елінің мәдени мұралары мен тарихы туралы танымды дамыту мақсатында, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесінде іс-шара өтті.

Алматы облысында орналасқан әйелдер мекемесінде, қазақ халқының ұлы саяси қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған » Халқының ұлы перзенті » атты шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды.

Жазасын өтеп жатқан әйелдер, қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі жайлы ақпараттық баяндама оқыды.

Сондай-ақ, мекеме клубының сахнасында халық әндері шырқалып, сотталған әйелдер қазақтың ұлттық билерін биледі.

Шығармашылық шарада еліміздің тәуелсіздігі мен 1986 жылғы қайғылы оқиғаға арналған ақындарымыздың туындыларына да кезек берілді.

Мұндай шаралардың өткізілуі — Отанға деген патриоттық сезімді оятуға және қоғамға адал қызмет етуге тәрбиелейтіні сөзсіз.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...