Әйел жоғалған жылқыларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Жоғалған жылқыларын 2 күн бойы іздеп таба алмаған әйел, Келес АПБ-ға хабарласып, көмек сұрады. Оның айтуынша, күн суытып, тұман болған түні үйінің жанында қараусыз, бос жайылып жүрген 4 бас жылқысы ұшты-күйлі жоқ болған. Өздіктерімен іздегенмен, оң нәтиже шықпаған.
Тұрғынның малы жоғалғаны жөнінде хабар алған полицейлер уақыт жоғалтпастан іске кірісті. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары өздеріне ой-шұқыры жақсы таныс ауыл-аймақты, оның тау-тасын шарлады. Жылқының иелерімен бірлесіп, 1 тәулік үзіліссіз жұмыс жасады. Жүйелі жүргізілген іздестіру нәтижесінде жылқыларды тапты. Яғни тұрғынның ірі қара малдары 15 шақырым қашықтықта орналасқан Саңырау ауылының қырында жайылып жүрген жерінен табылды. Анықталғандай, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жылқылар бағытынан адасып кеткен.
Өз кезегінде Береке ауылының тұрғыны: «4 бас жылқымызды жоғалтып алдық. Полиция қызметкерлеріне рақмет, міне жылқыларым табылды. Мұның бәрі сіздердің арқаларыңызда! Полицей деген осылай болу керек!»-деп атап өтті.
Мал ұрлығынан сақ болу үшін полицейлер облыс тұрғындарына үй малдарын жайылымда қараусыз қалдырмай, ен-таңба салып, қора-жайларды мықтылап бекітуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...