Израильдің Дохаға соққысы: Қатарда 1,5 мың қазақстандық бар

Қазіргі уақытта Қатарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Бақаевтан Қатар астанасында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғы жөнінде сұрады.

«Әрине, азаматтардың арасында біздің адамдар бар, бірақ, құдайға шүкір, зардап шеккендер жоқ. Бізге ешкім хабарласқан жоқ. Қазіргі уақытта Қатарда 1500-дей адам бар», — деді Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың ішінде 516 адам консулдық есепте тұр. Олармен дипломаттар тұрақты байланыста.

Оқиғаның мән-жайы

9 қыркүйекте Израиль Дохаға соққы жасады. Нысанаға АҚШ-тың Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі соңғы ұсынысын талқылауға келген ХАМАС басшылығы делегациясы орналасқан тұрғын үйлер алынған. Қатар Израиль шабуылын айыптады.

Қатар билігі Доханың тұрғын ауданындағы Израиль соққысына құқықтық жауап дайындау үшін заңгерлер тобын құру туралы хабарлады. Премьер-министр Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Тани Израильдің әрекеті халықаралық құқықты бұзатынын және АҚШ бастамасымен жүріп жатқан Газа жөніндегі келіссөздер процесін әлсірететінін атап өтті.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.