12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ІЗГІЛЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Мемлекет басшысы жыл басталысымен бірнеше заң жобаларына қол қойды.Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі де бар. Қолданысқа еніп отырған бұл жаңа құжатта құқық қолдану тәжірибесі негізінде қоғам тарапынан жиі наразылық тудырып жүрген әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттеріне қолданылатын жазаларды ізгілендіру, олардың әсіре қатаңдығын төмендету мәселелері шешім тапты деуге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы ізгілендіру реттеуші органдардың ұстанымына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын азаматтық немесе тәртiптiк iс жүргiзу арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр.Бұған қазіргі уақытта, мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру және оларды автоматтандыру мүмкіндік береді. Әкімшілік құқық бұзушылық санкцияларына жүргізілген талдау оларды әкімшілік жауапкершілікті одан әрі ізгілендіру шеңберінде жеңілдетуге және төмендетуге жол ашады. Осыған орай, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде, және статистикалық деректерді ескере отырып, заң жобасы бойынша 38 құрам бойынша ізгілендіру бекітілді. Атап айтқанда, 30 құрамды мүлде алып тасталып, 1 құрам бойынша айыппұл мөлшерін азайтылды, 6 құрам бойынша әсіре қатаңдықты төмендету және де 1 құрам бойынша ескерту енгізілді.

Екіншіден рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтату, қызметті тоқтату немесе тыйым салуды көздейтін жекелеген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау уәкілетті органдардың құзіретіне берілді. Бұл шараның қабылдануында конституциялық реформа аясында атқарушы мемлекеттік органдардың және олардың басшыларының жауапкершілігі артқаны ескерілді.Осылайша, заң тек сот қолданатын әкімшілік жазаларды қайта қарауды, уәкілетті органдардың өз бетінше қолдана алатын әкімшілік жазаларды олардың құзыретіне беруді талабын бекітті.Атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылықтардың 37 құрамы соттардан алынып, уәкілетті мемлекеттік органдардың құзіретіне берілді. Бұл шара жеке жәгне заңды тұлғалардың сот органдарына даусыз істер бойынша жүгіну қажеттілігін алып тастаумен қатар мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады деген үміт бар. Сонымен бірге азаматтардың істі сотта қарауды таңдауға құқығы сақталатын болады. Яғни бұл істер бойынша сот бақылауы жалғасады.

Үшіншіден осы құжат аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулердің жиілігін шектеу көзделді. Жаңа Кодекс қабылданған сәттен бастап (2014 жылдан бастап) оған 106 әртүрлі заңнамалық актілермен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті. Қабылданған құжат бойынша Кодекске енгізілген түзетулер бойынша ендігі

жасалататын өзгерістер мен толықтырулар құқықтық реттеу мәні әкімшілік жазалау мәселелері болып табылатын жеке заң негізінде қабылданатын болады. Осы тетік арқылы әртүрлі ілеспе заң жобалары шеңберінде Кодекске түзетулер енгізу тәжірибесін жойып,оның ережелерінің тұрақтылығы қалыптастыру көзделді.

Төртіншіден, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді электрондық форматқа ауыстырылатын болып отыр. Бұл мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың жалғасы. Осы шараның арқасында мемлекеттік органдардың және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын әкімшілік процессі бар электрондық істі қалыптастыруға мүмкіндік тудырмақ. Бұл бастысы азаматтар үшін бұл түсінікті, ашық және ыңғайлы болады деген үміт бар.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...