Ішімдік ішкен ер азамат поездан түсірілді

2022 жылғы 10-шы шілдеде сағат 21:25 шамасында «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы №33 жолаушылар поезы Қызылорда станциясына келген кезде поезд бастығының актісімен Қызылорда облысы Қазалы ауданының  тұрғыны 38 жастағы Т. есімді азамат түсірілді. Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, мас күйде қоғамдық орында адамның қадір-касиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын түрде болған, яғни қоғамдық тәртіпті бұзып, жолсеріктердің ескертулерін тыңдамаған.

Аталған дерек бойынша Қызылорда ст. ЖПб полиция қызметкерлерімен құқықбұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 3 бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тарту үшін іс-құжаттар Қызылорда қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

11.07.2022 жылы аталған құқықбұзушыға қатысты Қызылорда қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған әкімшілік сотымен әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 5 АЕК мөлшерінде 21441 теңге көлемінде айыппұл салынды.   

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...