Ирандағы шиеленіс: СІМ Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды 

Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, — деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомстводан хабарлағандай, Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат, жұмыс күндері – 19:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері – тәулік бойы);

+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).

 Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):

+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері);

+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);

Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., 83 үй

(83 Hedayat Street, Darrous, Tehran).

Электрондық пошта: tehran@mfa.kzkaztehran211@gmail.com

Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы:

+98 912 298 0350 (ұялы телефон);

+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);

+7 701 771 34 01 (Whatsapp);

Мекенжайы: Горган қ., Едалат-97 көш., Мина аллеясы

(Edalat 97, Gorgan).

Электрондық пошта: gorgan@mfa.kz

Қазақстанның Бандер-Аббастағы Консулдығы:

+98 930 298 5703 (ұялы телефон, Whatsapp);

Мекенжайы: Бандер-Аббас қ., Фаджр көш., Вальфаджр-1, 7-үй

(1st Valfajr 7, Fajr Street, Bandar-Abbas).

Электрондық пошта: kzvisabnd@gmail.com

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.