Интернеттегі есірткі саудасының жолы кесілді

Еліміздің құқыққорғаушылары есірткіні интернет дүкендер арқылы саудалайтындарды анықтауда ерекше белсенділік танытып жүр. Бұған қазіргі таңда өршіп кеткен әртүрлі интернет каналдары арқылы жасалып жатқан қылмыстық оқиғалар себеп болуда. Есірткі саудасы қандай жолмен болса да Қазақстанда саудаланбауы тиіс.

Санасы сергек кез келген қоғам жастарының болашағын ойлайды. Соның жолында əрекет етіп əртүрлі қылмыстардың, оның ішінде есірткі саудасының таралуын тоқтату жолында бір кісідей атсалысады. Оның ішінде прокуратура өкілдері де ерекше қайрат танытуда. Мəселен, жуырда Ақтөбе облысының прокуратурасы Полиция департаменті жəне Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, интернет алаңдары арқылы есірткі заттарын сатумен айналысқан ірі қылмыстық желінің қызметін тоқтатты. Қылмыстық схема жүйелі түрде құрылып, «Telegram» мессенджері арқылы жүзеге асырылған жəне «контактісіз сату» қағидаты бойынша жұмыс істеген. Тапсырыстар қашықтан қабылданып, төлемдер «дропперлер» деп аталатын тұлғалардың банктік карталары арқылы жүргізілген, бұл қылмыскерлерге ұзақ уақыт бойы өздерінің заңсыз əрекеттерін жасырып келуге мүмкіндік берген. Жедел-тергеу іс-шаралары мен ақша қаражатының қозғалысын талдау нəтижесінде қылмыстық топтың қатысушылары Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола жəне Ақтөбе облыстарының аумағында, сондай-ақ Астана қаласында анықталып, ұсталды. Барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған 6 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан 10 кг астам психотроптық заттар тəркіленді. Осы дерек бойынша өткен жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысының арнайы прокурорлары «Qymyz shop» интернет-дүкені арқылы еліміздің аумағында психотроптық заттарды өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нəтижесінде интернет-есірткі дүкені қызметі толық əшкереленіп, жойылды. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. 2026 жылғы 17 наурызда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 қатысушысы кінəлі деп танылып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Биыл жыл басынан бері облыс прокуратурасы уəкілетті органдармен жəне жұртшылықпен бірлесіп, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жəне есірткінің таралуының алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Мəселен, еріктілер мен колледж студенттерінің қатысуымен интернет-есірткі дүкендерді жарнамалайтын 20-дан астам граффити жазбалары анықталып, жойыл ды. Осы фактілер бойынша 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 500-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді, оның ішінде оқу орындарында 300 дəріс, 80 кездесу жəне жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған 4 конкурс ұйымдастырылды, жалпы қамту шамамен 13 мыңнан астам адамды құрады. Жоғары сынып оқушылары үшін «Закладка», «Закладчики. Расплата» жəне «Иллюзия свободы» атты профилактикалық фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып, оларды шамамен 16 мың оқушы тамашалады.

Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕН

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...